Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:32

«Барлығын Трамп шешеді»: Израильде Ирандағы соғыс мерзімі туралы болжам жасалды

Трамп
Фото: REUTERS

Израиль мен Иран арасындағы әскери қақтығыс тағы кемінде екі аптаға созылуы мүмкін.

 Сонымен бірге Ирандағы билікті құлату жөніндегі бастапқы мақсаттардың жүзеге асуы барған сайын күмәнді болып бара жатыр. Бұл туралы израильдік Ynet басылымы хабарлады.

Басылым дерегінше, Израиль үкіметіндегі дереккөздер алғашқы күндердегі әскери операцияға қатысты эйфорияның орнына қазір көңілсіздік пен пессимизм пайда болғанын айтады.

Израиль тарапынан жасалған ауқымды соққыларға қарамастан, Тегерандағы аятоллалар режимі тұрақтылық танытып отыр.

«Трамп факторы»

Израильдік сарапшылардың пікірінше, соғыстың аяқталуында Вашингтон шешуші рөл атқарады.

Олардың айтуынша, соғыстың қашан аяқталатынын іс жүзінде Трамп шешуі мүмкін.

«Израильде соғыстың қашан аяқталатынын бір ғана адам – АҚШ президенті Дональд Трамп шешеді деген түсінік бар. Сондықтан Израиль армиясы алдағы күндері әскери операцияларды барынша жеделдетуге тырысып жатыр», – деп жазады басылым.

Ирандағы режим құламайды

Әскери операцияның басында Израильдің бейресми мақсаттарының бірі Ирандағы билікті құлату болғаны айтылған.

Алайда қазіргі таңда Израиль арнайы қызметтері мұндай сценарийдің ықтималдығы төмен екенін бағалап отыр. Олар күткен ішкі көтеріліс немесе жүйенің күйреуі орын алмаған.

Сонымен қатар Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху қоғамды соғыс Ирандағы қазіргі билік құламай аяқталуы мүмкін деген сценарийге дайындай бастағаны хабарланды.