Бас банкир несие алатын қазақтарды орыс тілінде құттықтады

02.01.2019, 01:54

6

Ұлттық банк төрағасы Данияр АҚЫШЕВ  қазақстандықтарды жаңа жылмен құттықтады. Видео арқылы жолданған құттықтауда төраға әріптестеріне алғыс білдіріп, еліміздің қаржылық жүйесінің дамуы үшін барын салғандарын айта келіп, былтырғы жылдың (2018) алдыңғы жылдан гөрі табысты болғанына тоқталды. — Құрметті достар! Жаңа жыл жоспарлар мен аңсаған арманның іске асуына деген үмітті оятатын мереке. Кім-кім де өткен жылға есеп беріп, тілек тілеп, болашаққа жоспар құрады. Өткен 2018 жыл жыл біздің қаржылық тәуелсіздігіміз бен еліміздің қарыштап дамып жатқанының символы – ұлттық теңгеміздің 25 жылдық мерейтойымен аталып өтті. Біз бұл жылы Қазақстан қаржыгерлерінің VIII конгресін сәтті өткіздік.… Біз жылдық инфляция 5,3%-ды құрайды деген тоқтамға келдік, — дейді Ұлттық банк төрағасы.Ол сондай-ақ, 2018 жылы Ұлттық банктің ықпалы арта түскенін айтты. Мүмкін, осыны айту арқылы былтыр бірнеше банктің жабылғанын тұспалдағысы келген шығар.Бас банкир тек дамып жатырмыз, теңгеміз нығайып, Ұлттық банктің құлашы кеңуде деген сұлу сөздерді айтуды жаңа жылмен құттықтау деп түсінетін болуы керек, былтырғы жылы теңгенің бірнеше пайызға құлдырағанын айтуды да ұмытып кетті. 2018 жылдың басында қаржы саласының мамандары теңгенің 330-345 теңгенің арасында «ойнап» тұратынын айтқанымен, теңгенің жыл соңындағы көрсеткіші (долларға шаққанда) 384,2-ге жетті. Ең болмаса, дәл соңғы аптада теңгенің 13 теңгеге құнсызданғанына бір түсінік болуы керек еді ғой. Бәлкім, дәл мереке қарсаңында қазақстандықтардың көңіл-күйін түсіргісі келмеген болар.Өзі бастап, қаншама орынбасары мен департамент директорларын түгел сөйлетіп шыққан 11 минуттан асатын видеоны Facebook әлеуметтік желісіне жарнама ретінде тіркепті. Видеоны түсіруге және осы керемет құттықтаудың жарнама ретінде елдің көз алдында тұруы үшін әлеуметтік желілерге қанша ақша кеткенін, оны өз қалтасынан төледі ме, әлде, салық төлеушілердің қаржысынан игерілді ме дегенге де ешқандай жауап жоқ.Бұлар аяқ астынан неге құттықтағыш болып қалды деген сұрақ туады. Бәлкім, Ұлттық банкте де жылдық бюджет жеткілікті игерілмей қалды ма екен...Айтпақшы, Ұлттық банк төрағасы Қазақстан халқын Мемлекеттік тілде құттықтауды да ұмытып кетті.Фото: sputniknews.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39