Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:27, 15 Шілде 2023

Бас прокуратура 5 жасар қыздың өліміне қатысты мәлімдеме жасады

None
None

Бас прокуратура Түркістан облысындағы кәмелетке толмаған қыздың өліміне қатысты мәлімдеме жасады.

«13 шілдеде Түркістан облысының Сарыағаш ауданында бес зорлық-зомбылықпен өлтірілген кәмілетке толмаған қыздың мәйіті табылды.

Сол күні полиция қызметкерлері бұл қылмысты жасады деген күдікпен бұрын бірнеше рет сотталған Г.-ны ұстады және уақытша ұстау изоляторына қамады.

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі (кәмелетке толмаған адамды өлтіру) бойынша соталды тергеу басталды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Күдікті Г. бұрын адам өлтіргені үшін 2006 жылы 10 жылға бас бостандығынан айырылғаны анықталды.

2023 жылғы мамырда Г. ішімдік ішіп отырып, ауылдасымен жанжалдасқан соң, оны балтамен ұрғаны белгілі болды. Сот Г.-ның жәбірленушімен татуласқанын, бұрын соттылығының жойылғанын ескере отырып, оған пробациялық бақылау белгілеумен 3 жыл бас бостандығын шектеу тағайындалды.

Бас прокуратура бұл үкімге жазаны қатаңдату және бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау туралы кассациялық наразылық келтірді.

Г.-ның пробациялық бақылауда бола тұра аса ауыр қылмыс жасағаны ескеріліп, пробация қызметкерлеріне қатысты соталды тергеу басталды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес адамға қарсы аса қауіпті қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтуге бағытталған заңнамалық түзетулер блогы дайындалып жатыр.

Осы қылмыстар бойынша санкцияларды қайта қарау, жаза тағайындау және босату тәртібін өзгерту, соттылықтың күшін жою, адамға қарсы ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін жазасын өтеп жатқан адамдарға әкімшілік қадағалауды белгілеу шарттары пысықталып жатыр.

Қылмыстық істің тергеу барысы бас прокурордың жеке бақылауына алынды», — делінген хабарламада.

Тегтер: