Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:11

Бас прокуратура Дубайдағы қазақстандықтарға тиесілі 97 пәтерді тексермейді

Дубай
Фото: ащық дереккөз

 Бас прокуратура жанындағы активтерді қайтару қызметі Дубайдағы қазақстандықтарға тиесілі болуы мүмкін 97 пәтер туралы ақпаратты тексеруге негіз жоқ екенін мәлімдеді.

Бұл туралы BES.media жазды.

Бұған дейін журналист Манас Қайыртайулы Дубайдағы Fairmont The Palm қонақүйінің маңындағы тұрғын үй кешенінде шамамен 97 пәтер қазақстандықтардың атына рәсімделген болуы мүмкін екенін хабарлаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, олардың иелері арасында:

  • судьялар,
  • бұрынғы министрлер,
  • сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлердің жұбайлары мен балалары болуы мүмкін.

Бас прокуратура не деді

Журналистер активтерді қайтару қызметінен осы ақпаратқа байланысты тексеру жүргізіле ме деп сұраған.

Бас прокуратура өкілдері:

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес шетелдегі жылжымайтын мүлікке иелік ету құқықбұзушылық болып саналмайды», – деп жауап берді.

Ведомствоның айтуынша, уәкілетті органдар тарапынан ресми тексеру жүргізілмейінше жарияланған ақпаратқа құқықтық баға беру мүмкін емес.

Сонымен қатар Бас прокуратураға бұл мүлікке қатысты журналистерден басқа ешқандай ресми шағым немесе өтініш түспеген.

Активтерді қайтару статистикасы

Ведомство мәліметінше, соңғы 2,5 жылда мемлекетке 1,3 трлн теңгеден астам актив қайтарылған.

Оның ішінде:

  • нақты қайтарылған активтер – 1,076 трлн теңге;
  • ақшалай түрде – 968,5 млрд теңге;
  • мүлік түрінде (соның ішінде шетелдегі активтер) – 107,7 млрд теңге.

28 ақпанда Дубайдағы Пальма Джумейра ауданында орналасқан Fairmont The Palm қонақүйінің маңына ирандық «Шахед» дроны құлағаны хабарланған.

Дубай үкіметі мәліметінше, оқиға салдарынан төрт адам жарақат алған. Олар медициналық мекемелерге жеткізілген.

Төтенше қызметтер оқиға орнына жедел жетіп, аумақты қоршап, өртті сөндірген.