Бас прокуратура Қайрат Қожамжаровтың қайда екенін айтпады

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев журналистердің Қайрат Қожамжаровтың қазіргі жағдайына қатысты сауалына жауап бермеді. Оның айтуынша, бұл мәселе қылмыстық істі тергеу аясында қаралады.
– Қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта дәлелдемелер жинау процесі жүріп жатыр, - деді ол.
Бұған дейін азаптау ісі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының экс-басшысы Талғат Тәтібаев ұсталған. Сондай-ақ дәл осы бап бойынша антикоррупциялық органдарда жетекші қызмет атқарған Олеса Кексельге айып тағылған. Екеуі де кезінде Қожамжаровтың командасында болған. Алайда прокуратураның дерегінше, Кексельдің қылмыстық істегі нақты статусы әзірге анықталған жоқ. Бұған оның кішкентай баласы бар екені себеп болған.