Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:55, 27 Маусым 2024

Бас прокуратура кісі өлтіруге оқталған күдіктіні Кореядан экстрадициялады

j
Фото: Pixabay

Бүгін Бас прокуратура мен ҚР ІІМ Интерполының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшілігінің көмегімен кісі өлтіруге оқталған күдіктіні қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін экстрадициялады.

Аталған тұлға 2022 жылдың наурыз айында Түркістан облысының Сауран ауданында ауылдасымен жанжалдасып, артынан төбелеске ұласқан. 

Төбелес барысында күдікті қарсыласының кеуде тұсынан бірнеше рет пышақ сұққан. Дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында жәбірленуші аман қалды.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті Корея Республикасының аумағында жасырынып жүрген және ағымдағы жылдың маусым айында сонда ұсталған.

Қазір ол Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Айта кету керек, күдіктіні экстрадициялау Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы әзірлеген Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы 2003 жылғы 13 қарашадағы ұстап беру туралы шарттыңболуының арқасында мүмкін болды.

Тегтер: