Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:45, 05 Қыркүйек 2022

Бас прокуратура Қостанай облысындағы өртке қатысты қылмыстық іс қозғады

None
None

Қостанай облысының Әулиекөл, Ұзынкөл және Қарабалық аудандарында табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, — деп хабарлайды Жас Алаш Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, төрт елді мекенде (Аманқарағай ауылы, Озерное, Калинино және Лесное) алдын ала мәлімет бойынша 108-ге жуық тұрғын үй мен ғимарат бүлінген. Келтірілген залал мөлшері анықталып жатыр.

Сондай-ақ, Аманқарағай ауылының тұрғыны — 1936 жылы туған М.И. Бабенко қаза тапқаны белгілі болды. Сонымен қатар, 3 қыркүйекте Қостанайда «Оружейная палата» дүкені өртенген болатын. Соның салдарынан дүкеннің жеті қызметкері зардап шегіп, үшеуін күйік шалып, ауруханаға жатқызылған, ал төртеуі қаза тапқан.

Осы деректер бойынша Қылмыстық кодекстің 204-бабы 2-бөлігі (отпен абайсыз жұмыс iстеу арқылы ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе аса ірі залал келтірілген іс-әрекет), 341-бабы 1-бөлігі (ормандарды жою), 292-бабы 3-бөлігі (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша соталды тергеп-тексеру әрекеттері басталған. Тергеу барысы Бас прокурордың жеке бақылауына алынған. 

Тегтер: