Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:07, 08 Тамыз 2023

Бас прокурордың пәрмені тағы да күшейе ме?

None
None

Биыл ҚР парламенті қабылдаған бірқатар заң 2023 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді.

Олардың арасында Салық кодексі, Әлеуметтік кодекс, Конституциялық сот, базалық көрсеткіштер, банкроттық сынды маңызды тақырыптар қамтылған. Біз соның ішінде Конституциялық сот ісіндегі жаңалықтарға тоқталсақ.

Биыл президент Қ. Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2022 жылғы маусымда өткен республикалық референдум қорытындысы бойынша бірқатар маңызды заңдарға қол қойды.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Конституциялық реформа аясында елімізде Конституциялық сот жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының азаматтары үшін Конституциялық сотқа тікелей жүгініп, өзінің конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғай алатын мүмкіндік туды. Сондай-ақ азаматтармен бірдей құқық Бас прокурорға және адам құқықтары жөніндегі уәкілге берілді. Бас прокурордың құқық қорғау пәрмені күшейді. Президент бұған дейін бұл субъектілердің Конституциялық кеңеске жүгінуге құқығы жоқ екенін атап өтті.

Жалпы, Конституциялық сотта өтініштерді қарау рәсімі соттардағы іс жүргізу тәртібінен түбегейлі өзгерді. Конституциялық соттың өтініштерді қарау тәртібі бес кезеңнен тұрады. Біріншіден, Конституциялық сот аппаратының өтініштерді алдын ала қарауы ескерілген. Екіншіден, конституциялық іс жүргізуге өтінішті қабылдау жүргізіледі. Үшіншіден, Конституциялық сот отырысында өтінішті қарау үшін іс-материалдары дайындалады. Төртіншіден, өтінішті қарау бойынша отырыс өткізіледі. Ал соңғы кезең өтініш бойынша түпкілікті шешім шығарылады.

Тегтер: