Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:57, 23 Желтоқсан 2022

Бас зейнеткерден қалған «мұра»

None
None

Ресейлік публицист кітап жазыпты, Қазақстандағы қаралы қаңтар оқиғалары туралы. «Трагический январь.

Президент Токаев и извлечение уроков» деген.

Ол кітапты оқысақ, қаңтарда жүзеге асырылуы тиіс болған астыртын жоспарға сәйкес, бас зейнеткер билікке қайтып келіп, Мәсімов мол билік алып, премьер-министр болуы керек болған дейді.

Тұңғыш рет қаңтардағы оқиғалардың тікелей қатысушысы ретінде бас зейнеткердің аты аталды. Біздер, Қазақстанда жүргендер, Назарбаевтың қатысы болуы мүмкін-ау деп тек жай ғана топшылаған едік.

Енді бізде ресми күдіктілер ретінде ҰҚК-ның бұрынғы басшылары сотталуда. Меніңше, бұл тегін емес дейді саясаткер Қазбек Бейсебаев.

– Еліміздегі қазіргі проблемалардың бәрі – бас зейнеткерден қалған мұра. Соның кезінде ел тоналды. Қазіргі билік кешегі билікті айыптамаса, елдегі жағдайға өзін кінәлі деп тануға тура келеді. Бүгінгі билікке бұл керек емес. Содан болар, бас зейнеткердің культін құртып, бәленің бәрін соған жабу басталды. Оны әдейі Қазақстаннан емес, сырт жақтан бастады. Бұған да өз себептері болған шығар. Содан да болар, Арқанкергендегі қырғын туралы шындықты айтуға дайынмын деп Челах та шыға келді. Әзірге, нақты нәрселерді айта алмаймыз, мұның арты немен тынатынын бағып, бақылайық, – дейді саясаткер.

Тегтер: