Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:28, 08 Желтоқсан 2024

Башар Асад Дамаскіден кеткені туралы хабар таралып жатыр

Асад Башар
Фото: Getty Images

Премьер-министр билікті тапсыруға дайын екенін мәлімдеді.  

Сирия президенті Башар Асад Дамаскіден белгісіз жаққа кетіп қалған. Бұл туралы Reuters агенттігі сириялық жоғары лауазымды офицерлерге сүйене отырып хабарлады.

7 желтоқсан күні кешке Башар Асадтың қайда кеткені белгісіз. Сондай-ақ CNN ақпарат көзі Асад Дамаскіде жоқ деп мәлімдеді.

Телеарна дереккөзінің айтуынша, президент күзетшісі де Асад тұратын жерде емес. Әдетте, сақшылар Сирия президентін барлық уақытта, соның ішінде сапарларында бірге жүреді. Гвардияның Асадтың резиденциясында болмауы оның қаладан кеткенін жанама түрде растауы мүмкін.

Ұлыбританияда орналасқан Сириядағы Адам құқықтары жөніндегі обсерватория (SOHR) да Дамаск әуежайынан жеке ұшақ Асадты алып кеткен болуы мүмкін деген болжам жасады. Осы рейстен кейін әуежайда тұрған үкімет әскерлері эвакуацияланғаны хабарланды.

Бұған дейін The Wall Street Journal басылымы дереккөзіне сүйене отырып, Асадтың әйелі мен балалары Мәскеуге, ал күйеу баласы БАӘ-ге кеткенін жазған. Сол кезде WSJ дереккөздері Асад әлі Сирияда екенін айтты.

Сирия премьер-министрі билікті тапсыруға дайын

Сирия премьер-министрі Мохаммад Гази әл-Джалали Сирия халқы таңдаған кез келген басшылықпен ынтымақтасуға және билікті «беру» үшін кез келген шара қолдануға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Сауд Арабиясының Al Arabiya телеарнасы.

Ол  билікті сақтауға шақырып, үкіметтің алдағы жұмысына қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

Бұл ретте әл-Джалали ешқандай лауазымдар мен артықшылықтарға мұқтаж емес екенін, үйінде екенін және ешқайда барғысы келмейтінін мәлімдеді.

Франс Пресс агенттігі бүлікшілер басшысына сілтеме жасап, Дамасктегі үкіметтік мекемелер билік ресми түрде ауысқанға дейін премьер-министрдің бақылауында болады деп хабарлады.

Айта кетейік, 2024 жылдың қараша айының соңында қарулы көтерілісшілер тобы Башар Асад күштеріне қарсы жорық бастады. 7 желтоқсан күні кешке Асадтың қарсыластары Алеппо, Хама, Хомс, Дейр-эз-Зор, Дараа сияқты ірі қалаларды басып алып, Дамаскіге жақындады.

Тегтер: