Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 09:00

Башар Асад Сириядан төрт ұшақпен қолма-қол ақша алып шыққан

Башар Асад
Башар Асад. Фото: РИА Новости

2025 жылғы сәуірдің ортасында Башар Асадтың билігі құлағанға дейін, Сириядан құпия түрде төрт әуе рейсі орындалған. Бұл рейстер арқылы экс-президенттің отбасы мүшелері, сенімді қызметкерлері, сондай-ақ ірі көлемдегі қолма-қол ақша, құнды құжаттар мен техникалық құралдар елден шығарылған. Бұл туралы халықаралық ақпарат агенттігі аты-жөнін атамаған дереккөздерге сүйене отырып хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, операцияны Асадтың негізгі экономикалық кеңесшісі саналатын Ясар Ибрагим басқарған. АҚШ тарапы оның санкциялардан жалтаруға бағытталған қаржылық желілерді құруға тікелей қатысы бар екенін мәлімдеген болатын.

Ұшулар үшін Гамбияда тіркелген Embraer Legacy 600 ұшағы пайдаланылған. Ол 48 сағат ішінде Дамаск пен Абу-Даби арасында төрт мәрте ұшқан. Ұшулардың бірі Ресейдің Хмеймимдегі әскери базасы арқылы өткен. Дәл осы базадан 2024 жылғы 8 желтоқсанда Башар Асадтың Ресейге қашып кеткені айтылады.

Ұшақ бортында Асадтың отбасы мүшелері, президент сарайының қызметкерлері, кемінде 500 мың АҚШ долларына жуық қолма-қол ақша, ноутбуктер, сыртқы қатқыл дискілер мен қаржы операциялары және жылжымайтын мүлікке қатысты құжаттар болған. Ұшу процесі Сирияның Республикалық гвардиясы мен ұлттық барлау қызметінің тікелей бақылауымен жүзеге асқан.

Ұшақты ұсынған компанияның ливандық кәсіпкер Мохамад Вехбемен байланысы бар екені айтылған. Алайда кәсіпкердің өзі бұл рейстерге қатысы жоқ екенін жеткізген.

Әзірге рейстерді нақты кім басқарғаны және шығарылған мүліктердің қайда және қалай жұмсалғаны белгісіз күйде қалып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сирияның жаңа басшылығы – президент Ахмед аш-Шараа бастаған үкімет Ресейден Башар Асад пен оның жақын серіктерін экстрадициялауды, сондай-ақ алдыңғы режимнің әрекеттері үшін өтемақы талап еткен болатын. Мәскеу болса, Сирияны қалпына келтіру ісінде жаңа билікпен ынтымақтастық орнатуға дайын екенін мәлімдеді.

Тегтер: