Баспана нарығында мемлекет қаржысы азайып, халықтың инвестициясы артты

Тұрғын үй құрылысы нарығындағы халықтың белсенділігі айтарлықтай өсті.
Статистика бюросының мәліметінше, бірінші тоқсанда тұрғын үй құрылысына жалпы инвестиция көлемі 564,1 млрд теңгені құрады.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 13,5% немесе 67 млрд теңге.
Инвестицияны көбейткен халықтың қаржысы. Олар жалпы өсімнің 2/3 бөлігін қамтамасыз етті (+51,9 млрд теңге, 205,8 млрд теңгеге дейін). Қаңтар-наурыз айларында бұл соңғы 4 жылдағы ең үлкен өсім. Әдетте құрылыс компаниялары жалпы өсімге негізгі үлес қосады.
Бұл ретте бюджеттік инвестициялардың көлемі небәрі 193,8 миллион теңгеге өсті, бұл дерлік сол деңгейде – 31,3 миллиард теңгені құрады. Оның үстіне бірінші тоқсандардың көрсеткіштерін салыстыратын болсақ, мемлекеттің үлесі 2016 жылдан бері ең төменгі деңгейде (5,5%) болды.
Көбіне халық Алматыға (47,3 млрд теңге) және Алматы облысына (24,5 млрд теңге) инвестиция салады. Ал мемлекет Түркістан (6 млрд теңге) және Қостанай облыстарына (4,8 млрд теңге) артықшылық беріп отыр.