Баспана ұсынған бағдарлама көбейді

02.04.2019, 23:36

3

Атырауда қазіргітаңда тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету бағытында бірнеше бағдарлама қолғаалынған. Атап айтсақ, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында биыл жиырма бір көпқабатты үй, 1512 жекеменшік баспана салынбақ.

Сондай-ақ, алдағымамыр айынан бастап «Бақытты отбасы» бағдарламасы жүзеге аспақ. Оған әлеуметтікжағдайы төмен және көп балалы отбасылар қатысады деп күтілуде. Бұл бағдарламаекі пайыздық үстемемен он тоғыз жылға дейін төлеп отыру арқылы үй-жайлы болуғамүмкіндік береді. Бастапқы жарна көлемі он пайызға есептелген. Әлеуметтік осалтоптарға арналған «Нұрлы жол» жобасына үміт артушылар қатары да артып келеді.

Келесі – жастарғаарналған «Жас отау». «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Атырауфилиалының директоры Нұрбол ҚҰРМАН түсіндіргендей, бұл бағдарламаға қатысу үшінталап етілетіні – отау иелерінің жастары 29-ға толып кетпеуі және төлемқабілетінің болуы. Тағы белгілі болғаны, аталмыш банк дәрігерлерге арналғанпәтерлерге де құжаттар қабылдап жатыр. Оған медициналық кадрға зәру аймақтыңпроблемасын шешудің жолдарын қарастырған жергілікті биліктің өзі қолдаукөрсетіп отыр екен.

Өңір бойынша«7-20-25» бағдарламасына 327 адам өтініш беріп, оның 191-і мақұлданған.Операторы – Ұлттық банкпен еншілес «Баспана» ипотекалық ұйымы.

-Бұл бағдарламаға қатысу үшін кез-келген ҚазақстанРеспубликасы азаматының атында ипотекалық үй болмауы тиіс. Оның аясында біріншіжәне екінші деңгейдегі үйлерден алуға болады, — деп түсіндіреді ҚР Ұлттық банкіАтырау филиалы директорының орынбасары Серік ОМАРОВ.

Айта кетейік, осыоператордың «Баспана хит» деген тағы бір жобасы да жұмыс істей бастады. Ол«7-20-25»-тің ішіне кірмейді және қатысушының үйі бар-жоғы жөніндегі анықтаманыталап етпейді. Алғашқы 20 пайыздық жүктемемен он бес жылға берілетін пәтерлертек қана екінші деңгейдегі рыноктан қарастырылады.

Көріпотырғанымыздай, халықтың баспаналы болуының түрлі жолы қарастырылған. Қазіргітаңда қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі тұрғын үй кезегіндетұрғандарға баспана берумен айналысады, қалған бағдарламалар түгелге дерлік банктержүйесі арқылы жүзеге асады. Соның ішінде, жаңадан отау құрған жастардыбаспаналы қылуды көздеген бағдарламалар да үлкен сұранысқа ие.

Дегенмен, облыстықжастар саясаты жөніндегі басқармаға хабарласып, жастардың қанша бөлігі тұрғынжаймен қамтылғаны жөнінде бөлек мониторинг жүрмейтінін білдік. Жасы жиырматоғызға дейінгі баспанаға зәру жастар жалпы тізімнің ішінде кетеді екен. 2017жылғы мәлімет бойынша облыстағы жастар саны 146 976 адам құрайды. Сол жылыжергілікті бюджеттен «Дипломмен – ауылға» бағдарламасына 186,5 млн.теңгебөлініп, жүзден астам жас маман аудандық жерлерде жұмыс істеуге тартылған.Былтырғы деректер әзірге анықталуда. Аймақта аса тапшылық еткендіктен соңғыжылдары осы бағдарлама аясында келген дәрігер және педагог мамандар аз емес.Олардың ішінен үш жыл бұрын Исатай ауданы Аққыстау селосына мұғалім болыпбарған бір қыз бала кейін берілген қаражатын қайтарып, ауылда қалудан бастартқан. Басқа жағдайдың бәрінде жас мамандардың «тастай батып, судай сіңіп»кеткені байқалады.

Орайыкелгенде, жастар арасында «алдымен баспаналы, көлікті болып, жағдайымды жасапалайын» деген ойға бекінген тенденцияның да белең алып тұрғанын айта кетейік. «Басекеу болмай, мал төртеу болмайтынын» жоққа шығарған жас буын материалдыққұндылықтарға дереу қол жеткізгенді қалайды. Содан келіп отау құрған алғашқыжылдардың қиындығын көтере алмай ажырасып кететіндер саны да азаймай тұр. Атырау қалалық сотының төрағасы Алмат ЕРМАНОВТЫҢ мәліметінесүйенсек, 2017 жылы мұнайлы астанада 842, 2018 жылы 909 неке бұзылған. Шамамен алғанда, бұл – әрбір үшінші неке деуге келеді. Бұлжерде де жастар саны нақты көрсетілмегенмен, соңғы жылдары жаңадан үй болғанжас жұбайлардың өмірі сынына төтеп беруде әлсіздік танытып, жолдары екіге айырылыпжататыны жасыратын жай емес.

-Жастардың ә дегенненбөлек шығуға ұмтылмай, алғашқы жылдары үлкен кісілермен бірге тұрғаны дұрыс депойлаймын. Осы уақыт ішінде жас келін ата-ене бағуды, үйді ұстауды үйренеді,бір-бірін жақсы танып, жақындаса түседі. Меніңше, сонда бүгін күйіп-сүйіпқосылған жастардың ертең ажырасып жатқан дерегі азайған болар еді. Сол сияқты,баласының болашағын ойлаған ата-ана да оның жағдайын ерте бастан ойланып,қолдау көрсеткені артық емес, — деген пікірімен бөліседі психолог Ғалия ЖҰМАМҰРАТОВА.

Фото: Жас АЛАШ

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
    11:31
  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58