Басқарма өкілдері Шымкентте коронавирустан қайтыс болған науқас туралы айтты

24.04.2020, 20:23

9

24 сәуірде таңертең Шымкентте 1968 жылы туған ер адамның қайтыс болғаны хабарланған еді. Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, науқас Абай ауданында тұрған. 20 сәуірде қалалық инфекциялық ауруханасының реанимация бөліміне жатқызылған.

Ауруханаға түскен сәтте жағдайы ауыр болғандықтан жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Дәрігерлердің айтуынша, науқас диагнозында коронавирустан бөлек «дилатациялық кардиомиопатия, жүрекше фибрилляциясы, артериялық гипертензия, созылмалы жүрек ауры, қант диабеті» болған.

«Хаттамаға сәйкес, барлық қажетті ем-дом жасалды, республикалық мамандармен бірнеше рет кеңес өтті. Реанимация шараларына қарамастан 23 сәуірде сағат 20:30-да науқас қайтыс болды» делінген ресми хабарламада.

Шымкент қаласында төрт адам вирустан қайтыс болған. Қалада вирус жұқтырғандар 139 адам болды. 18 адам жазылған.

Миллионнан астам тұрғыны бар қала республика бойынша науқастар саны жағынан төртінші орында тұр.

4 сәуірден бастап қала карантинге жабылған. 19 сәуірде рұқсат етілген жұмысшы топтан бөлек адамдардың жаяу және жеңіл көлікпен жүруіне тыйым салынды.

/* BANNER 3 COLUMN */ #corona-banner-GR-1636 { background: url(https://gdb.rferl.org/07829361-768A-414D-98AE-F30F33BDF8DD.jpg) no-repeat center center; -webkit-box-align: center; -ms-flex-align: center; -ms-grid-row-align: center; align-items: center; background-size: cover; padding: 0 15px; text-align: center; height: 100px; -webkit-filter: brightness(80%) contrast(120%); filter: brightness(80%) contrast(120%); position: relative; float: none; } #corona-banner-GR-1636:after { content:''; position: absolute; width: 100%; height: 100%; background: rgba(0,0,0,.2); top: 0; left: 0; } #corona-banner-GR-1636 .banner__text { color: white; text-transform: uppercase; z-index: 1; text-shadow:1px 1px 8px rgba(0,0,0,.8); } #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 37px; line-height: .8; transition: all .3s; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 39px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 20px; line-height: .9; } @media(max-width: 480px) { #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 28px; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 30px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 15px; } } }

LIVE Коронавирус
Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16