Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:42, 18 Тамыз 2022

Басты мәселе – бала денсаулығы

None
None

Мемлект басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жыл балаларды қолдау жылы деп жариялай келе, бұл жыл тек бос іс-шаралар өткізілумен шектелмей, билік тарапынан балаларды қолдау мақсатында – денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керектігін айтқан болатын.

Осы орайда, баланың денсаулығы басты назардағы мәселе болғандықтан, балаларды қолдау жылы аясында елімізде арнайы жұмыстар жүргізіліп келеді. Атап айтсақ, биыл балалар жылына орай, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры бойынша Алматы облысында мектеп оқушыларын кәсіптік қарау мен сауықтыру іс-шараларына  3.4 миллиард теңге көлемінде шарт жасалынды.

Балалардың денсаулығы  – ел дамуындағы маңызды басымдықтардың бірі саналатындықтан, балалар әрқашанда жеңілдіктегі санаттарға кіреді, әрі кәмелет жасқа толғанынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бойынша тегін емдік шараларға жүгіне алады. Және осыған сәйкес, тегін медициналық қызметтерді балалар медициналық сақтандыру қорымен шарт жасасқан медициналық ұйымдардың көмегіне жүгіне алады. Мәселен, мектеп медицинасы білім беру ұйымдарында, соның ішінде мектептерде, балабақшаларда, балаларға арналған шағын орталықтар мен өзге де білім беру ұйымдары арқылы қызмет көрсете алады.

Ал осы уақытқа дейін мектеп медицинасы учаскелік қызметке бөлінген қаржы арқылы жүзеге асып келді. Әрі тиімсіздеу болатын. Сол себепті, соңғы жылдары МӘМС іске қосылып, балалардың денсаулығына қатысты шараларды кең ауқымда қамтамасыз етіліп келеді. Енді жоғарыда атап өткен, яғни бөлінген қаржыға сәйкес қандай жұмыстар атқарылуы тиіс деген сұраққа келсек, біріншіден білім беру ұйымдары толығымен медициналық жабдықтармен жабдықталады. Сонымен қатар профилактикалық тексеру немесе вакцинация жүргізуге мектепке және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына тиісті профильдегі балалар дәрігерлері келеді. Әрі мұндай шаралар алдын ала жоспарланып, ата-аналарға хабардар етіліп отырады.  Одан бөлек, мектеп медицинасының тарифіне бөлінген қаржыға сәйкес, вакцинация, жыл сайынғы емдік тексеру, тіс дәрігерінің тексерулері кіреді. Сондай-ақ балалардың салауатты өмір салтын ұстануы үшін арнайы түсіндірме жұмыстары ретінде іс-шаралар жүргізіліп отырады. Ал баланың денсаулығында паталогия анықталған жағдайда бала тіркелген жері бойынша емханаға жіберіледі. Осылайша, еліміздегі мектеп медициналары балалардың денсаулық жағдайын үздіксіз бақылай отырып, қажет болған жағдайда  алғашқы көмек көрсетуге мүмкіндіктер береді. Осы аталған мәселелер бойынша еліміздегі барлық мектептерде арнайы қаржы бөлініп, сауықтыру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді.

Сонымен қатар балалар жылы аясында «Дені сау бала – баға жетпес байлық» тақырыбымен жергілікті емханаларда арнайы жұмыстар жүргізіліп отырады. Соның ішінде ең басты нәрсе баланың тазалық туралы білімдерін кеңейту және мәдени-гигиеналық дағдыларын пысықтай отырып, жетілдіру, әрі өз денсаулығына құндылық ретінде қарауға, салауатты өмір салтын ұстана отырып, тазалыққа үйрету жөнінде кеңінен жұмыстар жүргізіліп келеді.

Тегтер: