Баталов мырза, аялдама салу бәйгесі қашан аяқталады?

19.08.2019, 13:50

6

Жаңа әкім — жаңа аялдама. Бір аялдамаға бір үйдің ақшасы кетеді.  

Жуырда мемлекеттік сатып алу порталында Талдықорған қаласында 46 аялдаманыңсалынатыны жайлы ақпарат шықты. Әрине, әдеттегідей заңға сәйкес конкурсөткен. Конкурс жеңімпазы — «Қазақ жобалау құрылысы» ЖШС екен. Біраялдаманың құны — 4 230 196 (төрт миллион екі жүз отыз мың жүз тоқсаналты) теңге. Барлығына кететінқаржы - 194 589 016 (жүз тоқсан төрт миллион бес жүз сексентоғыз мың он алты) теңге.  Бұрын Амандық БАТАЛОВТЫҢ орынбасарыболған қазіргі қала әкімі Ғалымжан ӘБДІРАЙЫМОВ қарапайым темір аялдамаларғаосынша қаражат жұмсамақ ниеті Qaznet-те (ВК әлеуметтікжелісіндегі ТАЛДЫКОРГАНЕЦ тобында) қызу талқыланды.    

Аялдамаларға бөлінген қаражаттың аты бюджеттікі болғанымен, ақшахалықтың салығы есебінен жиналмай ма. Осындайда Маргарет ТЕТЧЕРДІҢ «мемлекеттіңқаржысы деген ұғым жоқ, тек салық төлеушілердің ақшасы болады» деген сөзі ескетүседі.  

Әкім Ғалымжан Әбдірайымов салғызғалы жатқан аялдама ақшасына облысорталығынан бір бөлмелі пәтер, Талдықорған маңынан үш бөлмелі жер үй сатыпалуға болады. Нанбасаңыз krisha.kz сайтынқараңыз.  Мәселен, Талдықорған қаласындағы Сланов көшесінен 3 бөлмелелі үйді 5 сотық жерімен4 100 000 млн теңгеге алуға болады. 

Құны 4 230 196 теңге тұратын аялдамалардың алғашқысы Талдықорғандағы №6 шағынауданындаБалапанов көшесінде орнатылып тастады. Екі жағында қоқыс жәшіктері бар темірденжасалған кәдімгі аялдамалар.

Ғалымжан Әбдірайымов салғызған аялдама

Жалпы Талдықорғанға жаңа әкім келсе, алдымен, аялдамаларды жаңарту дәстүргеайналған. Бәлкім, мұның өзіндік себебі бар шығар. Қалай болғанда жаңа басшыменбірге жаңа аялдамалар пайда болатыны талдықорғандықтар үшін қалыптыжағдай. Қай әкім, қандай "остановкалармен" ерекшеленді? Рет ретімен баяндап көрейік.  

Тозығы жеткен аялдамаларды жаңарту ісін алғаш боп Талдықорғанды 2012-2015жылдары басқарған Ермек АЛПЫСОВ қолға алды. Бұл бастамаға қанша қаражатжұмсалғаны белгісіз. Біз бұл сұрақтың басын ашық қалдырдық. Бастысы білуге тиісадамдар біледі. Қазіргі Ұлттық экономикавице-министрінің аялдамалары қатты ерекшеленген жоқ. Бірақ Алпысбаевтыңкөзіндей болып үсті қаңылтырмен қапталған ақ аялдамалар қалада санаулы болса дабар.  

Ермек Алпысов салғызған аялдама

Келесі әкім Махаббат БИГЕЛДИЕВ әріптесінің бастамасына үн қатпады. Ал, Бағдат ҚАРАСАЕВ қатты қалдықтар мен еуропалық үлгідегіжаңа контейнерлерге басымдық берген еді. Бұл туралы «Жас АЛАШ» (Талдықорғанда 200 миллион теңгегеге алынған қоқыс контейнерлері қараусыз қалды) мақала да жариялаған. Аз уақыт кідірген аялдамалар жарысын ДастанШАЛТАБАЕВ жалғады (Smart-аялдама: Шалтабаевшашқан миллиондарды Баталов байқамады ма). Баталов «колхозник-әкім» деп баға бергенДастан Тұрарұлы өзге әріптестерінен аялдамалар жарысында оқ бойы озып шықты. Олсалғызған смарт-аялдамалардың құны 8 миллион теңгеден 11 миллионғадейін. Бірақ, заманауи аялдамалардың құрылысы әлі де аяқталған жоқ.Тіпті, кейбірінің  әлі күнге дейін есігі жабық, пайдалануға берілмеген.Жоспар бойынша олардың саны 20 болуы тиіс. Қазір 14-і іске қосылғанекен. Қазынадан 8 миллионнан бастап 11 миллион теңгеге дейін қаржыжұмсалған 20 смарт-аялдаманың құны қанша пәтерге тең келетінін есептеп шығу,әрине, қиын емес. 

 Дастан Шалтабаев салғызған аялдама

Қала тұрғындарының наразылығын туғызған бастама осымен аяқталды дегенкөпшіліктің ойы жоққа шыққандай. Жаңа әкім Ғалымжан ӘБДІРАЙЫМОВ та аялдамасалумен ерекшеленген әріптестерінің ізін жалғады. Амал нешік, бекітілгенжобаның іске асатыны анық. Талдықорғанда тағы 46 аялдама пайда болады. Оған бұрыннан істеп тұрған аялдамаларды қосқанда аумағы 74 шаршы шақырым, халықсаны 200 мыңнан сәл ғана асатын қала үшін аялдамалар аздық етпейтіні анық.Тіпті, қаланың кей жеріне артық аялдамалар орнатылғандай. Мәселен,жаңадан бой көтерген 6-шағын ауданның Ж. Балапанов пен Б. Әшімов көшелерініңқиылысында бақандай 4 аялдама тұр. Ал, қаладан небәрі 8шақырымдағы  Ашыбұлақ  пен  Алмалы саяжайында бір де бір аялдама жоқ. «Шенділер біздіңбар-жоғымызды білмейді» деген тұрғындар аялдаманы өздері салған екен. Саяжайда, тіпті, тұрғындардың өздері тұрғызған бетон аялдама бар.  

Гүлмира БАЗАРБЕКОВА  Ащыбұлақ  саяжайының төрайымы:«Бұл аялдама 92-жылдан бері келе жатыр. Жаңбыр мен қардан қалқан болсын дептұрғындар жерде жатқан бетонды дәл осылай тұрғыза салған. Бірақ, 21-ғасырболған соң, талапқа сай остановка болса деген халықтың өтініші бар. Қашанбізде аялдама болады деп тұрғындар менен әркез сұрайды». 

1992 жылы салынған бұл аялдама (аялдама деп айтуға болса) бейнебірмайдан даласында ілдебайлап жасалған дзот сынды. Қауіпсіз деп айтуға ауызыңбармайды. Бірақ халық амалсыз пайдаланып отыр.  

Әттең, Талдықорғанан сегіз-ақ шақырым жердегі Ащыбұлақсаяжайына Жетісу шенділерінің аяқтары жетпейді. Әйтпесе бұлжерде нешетүрлі аялдамаларды көруге болады. Мәселен, мақаламыздағы мына соңғыфотодағы аялдама Ғалымжан Әбдірайымовтың аялдамасынан әлде қайда күшті. Қыста жылы, жазда салқын.

 «Көшемізде ұсақ балалар көп. Олардың қыстағы тоңғанына, күзде жауын астындақалғанына  қарап әбден алаңдап жүрдік. Халық үшін деп, көпшілік үшін депжігіттер бірігіп, өзіміз тұрғыздық. Әр отбасы 5 мың теңгеден жинады», -дейді, Ащыбұлақ саяжайының тұрғыны Бақытнұр БАЙМҰҚАН.  

Осы мақаламызды әзірлеу барысында екі сұрақ туындады. Аялдамасалғыш  әкімдер неге Талдықорғаннан аттап баспады екен? Әлде саяжай халқыҚазақстан азаматтары емес пе? Ащыбұлақ бір ғана мысал. 2001 жылдан беріЖетісуда еңбек етіп келе жатқан Амандық БАТАЛОВ аялдама салу аламанын негетоқтатпай отыр екен? Әлде, миллиондар шашылып жатқан бәйгегетіккен жүлдесі бар ма? Деседе, құрлыс пен сәулет саласын жақсы білетінАмандық ҒАББАСҰЛЫНЫҢ айтар уәжі бар деп ойлаймыз.   

Фотолар автордікі.   

МАТЕРИАЛДЫ РҰҚСАТСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.  

 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34