Баталовтың есебіне шенділер көп келді

21.02.2019, 01:25

3

«Мен PR-ДЫ  жақсы көрмеймін!» ХАБАР 24 арнасының Лондондағы тілшісі Ғалымжан ҚАРАМАНҰЛЫНЫҢ сұрағына Амандық БАТАЛОВ осылай жауап берді. Бірақ PR-ды жақсы көрмейтін әкімнің есептік жиынын түсіруге 7 арнаның тілшілері келіп, 11 камера жұмыс істеді. Бұдан бөлек газет пен сайттардан келген тілшілер де бір төбе боп отырды. Талдықорғандағы су жаңа театрда Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ  халық алдындағы есептік жиынында ине шаншыр жер қалмады. 500 адамға есептелген ғимарат ішінде бос орын болмады. Сыймағандар әкім есебін дәліздегі плазмалық теледидардан көріп бақылауға мүмкіндік алды.Әдеттегідей өңір басшысы баяндама жасап, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму жайымен таныстырды. Әкім президент тапсырмасымен қолға алған қант қызылшасының көлемі биыл 14 мың гектарға артатынын, қант көлемін 485 мың тоннаға жеткізу туралы жоспарын мақтанышпен айтты. Бұндай мәліметке жиынға арнайы келген премьер-министр кабинетінің инспекторы Қанат ҚАЛИБЕКОВ пен президент әкімшілігінің инспекторы Жайсаң АХМЕТОВ қол соқты. Әкім есебін тыңдауға келгендердің дені костюм-шалбар киген облыс шенділері. Қарапайым халықтың қарасы аз.Өңір басшысының есептік жиынына кіре алмағандар да бар. Мәселен, Ауған соғысының ардагерлері Базарбек БАҚАЕВ пен Бақыт ИБРАИМОВ театр ғимаратына кіре алмаған.-Бір жылдан бері Амандық Баталовқа жете алмай жүрміз. Бүгін есептік кездесуі болатынын естіп, бірқатар проблемаларымызға қатысты сұрақ қоймаққа арнайы келгенбіз. Алайда, бізді «орын жоқ» деп кіргізбей отыр,-дейді Базарбек БАҚАЕВ. Әкімдік қызметкерлері болса, ауған соғысы ардагерлері кешігіп келді дейді. Бұл жиынға бұрынғы оппозицияшыл саясаткер Болат ӘБІЛОВ, сондай-ақ, есімдері елге белгілі кәсіпкерлер кешікпей келіп қатысты. Болат Әбілов тілшілерге қандай мақсатпен келгенін, есептік жиында не ұққанын айтудан бас тартты. Әзіл әлемінде танымал жас актер Рүстем ОМАРОВ-та есептік кездесуде төбе көрсеткенді жөн санапты.3 сағатқа жалғасқан есептік жиында 30-дан астам адам сұрақ қойды.  Әкімді мақтағандар аз. Сауалын жолдағандардың дені проблема көтерді. Амандық Баталов әрқайсысына жауап беріп, бірден тиісті басқарма басшылары мен жауапты тұлғаларға тапсырма жүктеп отырды.  Фотолар автордікі.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34