15:30, 09 Сәуір 2024
Батыс Қазақстан облысына әлі де қауіп төніп тұрғаны айтылды
Батыс Қазақстан облысының орталығы мен 4 ауданға әлі де қауіп төніп тұр. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов мәлімдеді.
Олар Ақжайық Бәйтерек, Бөрлі, Теректі аудандары. Олардың барлығы Жайық өзенінің бойында орналасқан. Ондағы су көлемі соңғы тәуліктерде 2140 текше метрге дейін жеткен. Ал, былтыр секундына 15 текше метр су келіпті.
Әкім орынбасарының айтуынша, Жайыққа тағы бірнеше өзен құйылып, олардан үлкен көлемдегі су мөлшері сәуірдің 15-20-да келеді деп күтілуде.
«Бүкіл күшімізді Жайықтың бойында орналасқан 4 аудан және қала тұрғындары, яғни 82 мың халқымызға жұмсап жатырмыз. 280 техника бар.21 шақырым дамба орналастырдық. 581 үй су астында қалды. Материалдық залалды анықтау жұмыстары басталды. Су астына кеткен 236 үй бойынша техникалық сараптама жалғасуда. Су тасқыны басталғаннан бері 12604 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Эвакуациялық пунктерге 4347 адам орналасты. 2824 адам үйлеріне қайта оралды. Пунктерде 1523 адам қалып отыр. Мал шығындары бар. 2351 бас ірі қара, 2482 қой - ешкі, 58 бас жылқыны қауіпсіз аумаққа көшірдік. 219 бас ірі қара, 1652 бас қой-ешкі, 54 жылқы , 119 үй құстары шығыны тіркелді»,-деді спикер.
Оның айтуынша, 502 отбасына 92,6 млн теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілген. Қазір аймақта 2500 волонтер жұмыс істеп жатыр.
Фото: ортком