Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:04

Батыс Қазақстанда боранда үш адам қаза тапты

1
Фото: mgorod.kz

Батыс Қазақстан облысында соққан күшті боран салдарынан үш адам қаза тауып, бір адам тірі құтқарылды.

Боран туралы ескерту алдын ала берілген

13-14 желтоқсанда облыс аумағында қатты қар жауып, желдің екпіні күшейетіні жөнінде  ескерту жарияланған. Ауа райының қолайсыздығы салдарынан бірнеше адам елді мекенге жете алмай жоғалып кеткен.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, іздестіру барысында төрт адам табылған, олардың үшеуі көз жұмғаны анықталды.

Жәнібек ауданында – 58 жастағы Сырым Өтешовтың мүрдесі табылды. Алдын ала болжам бойынша, ол боранда үсіп қалып, қаза тапқан.

Бөкейорда ауданында – 25 жастағы ер адамның сүйегі табылды. Оның да өліміне суық ауа райы себеп болған.

Қазталов ауданында – боран кезінде жоғалып кеткен 35 жастағы ер адамтабылды. ол да қаза тапқан.

Ақжайық ауданында 54 жастағы ер адам тірі күйінде табылды. Оның аяқ-қолдары үсіп қалған. Жедел жәрдем оны Орал қаласындағы медициналық мекемеге жеткізіп, дәрігерлер қажетті көмек көрсетіп жатыр.

Тағы бір адам іздестіріліп жатыр

Қазір 59 жастағы ер адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Ол Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылдық округіндегі «Бұхар» қыстағынан шығып, үйіне оралмаған.

«Іздеу жұмыстарына құтқарушылар, әскерилер, полицейлер және жергілікті әкімдік қызметкерлері қатысуда», – деп мәлімдеді ТЖМ.

Синоптиктердің хабарлауынша, демалыс күндері желдің жылдамдығы 23-28 м/с-қа дейін жеткен. Қатты жел мен қар қоса соғып, боран болған.

Тегтер: