Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:20

Батыс Қазақстанда өртенген үйден үш адамның мәйіті табылды

Өрт
Фото: ашық дереккөз

Батыс Қазақстан облысында Ақсай қаласында жеке тұрғын үй өртеніп, үш адамның қаза тапқаны белгілі болды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндірушілер келген кезде үй толығымен ашық жалынға оранған еді. Үй ішінен үш адамның денесі табылып, шығарылды.

«Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер жер үйдің толықтай отқа оранғанын көрген. Өрт сөнгеннен кейін үйдің ішінен үш адамның мәйіті табылды. Өрттің себебі анықталып жатыр», - деп хабарлайды БҚО-ның төтенше жағдайлар департаменті.

Айта кетейік, 26 қаңтарда Ақтөбе облысында жол апатынан 4 адам көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, Ақтөбе қаласынан Мәртөк ауылына бағыт алған Honda Odyssey көлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Hyundai Solaris автокөлігімен соқтығысқан. Соққының салдарынан Honda бағытын өзгертіп, қарсы беттен келе жатқан ВАЗ-2110 көлігіне соғылған.

Жол апаты салдарынан ВАЗ-2110 көлігінің жүргізушісі мен оның үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Сонымен қатарHonda Odyssey және ВАЗ-2110 көліктеріндегі екі жолаушы түрлі жарақат алып, медициналық көмекке жүгінген.

Қазіргі уақытта Honda Odyssey көлігінің жүргізушісі Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Тегтер: