Батыс Қазақстанда жол апатынан 8 адам қаза тапты
Батыс Қазақстанда жол апатынан 8 адам қаза тапты, 4 адам ауруханаға жеткізілді.
Батыс Қазақстан облысында Чапай – Жаңақала – Сайқын бағытында Toyota Camry мен Volkswagen Sharan көліктері соғысып, соның салдарынан бір көлік өртенді.
Полиция хабарлағандай, оқиға орнында 8 адам мерт болды, 4 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Жергілікті полиция, жедел-тактикалық топ және Төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.
Айта кетейік, Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясының деректеріне сәйкес,Қазақстан миллион тұрғынға шаққандағы жол апаттарынан өлім көрсеткіші бойынша әлемде үшінші орында, Ресей мен АҚШ-тан кейін орналасқан.
Тек 2025 жылдың тоғыз айында елімізде жол-көлік оқиғаларынан 1600-ден астам адам көз жұмып, 35 мыңнан аса адам түрлі жарақат алған.
Прокуратураның мәліметінше, жол апаттарының 86%-ы жүргізушілердің, ал 14%-ы жаяу жүргіншілер мен басқа қатысушылардың кінәсінен орын алады.
Қыркүйек айында елімізде 25 адам жол апатынан көз жұмды.