Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:12, 16 Маусым 2020

Баттақова жаһанды жалпағынан баса бере ме?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы атауынан ат үркетін небірстратегия мен жоспарлар қабылданып жатыр, қабылданып жатыр.

Бірақ жалмауыздыңбасындай жалмаңдаған жемқорлықты жоюға билік мүлдем мүдделі емес сыңайлы.Керісінше, сыбайластық пен ұрлық гүлденген ортаны аялы алақанның қамқорлығынаалғандай.

Алматыдағы «№24 қалалық емхана» коммуналдық-мемлекеттік кәсіпорынындағы  әпербақандық пен бюджет қаржысыныңталан-таражға түсуі емхананың бас дәрігері Жәмила Еркінқызы Баттақованың жоғарыжақта сенімді қамқоршысы бар-ау деген ойға жетелейді. Тіреуі мықты болғасын ба,емхана қызметкерлерінің прокуратура, ҰҚК, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресмекемелеріне жазған арыздары осы уақытқа дейін тексерілген емес. Егер, бір топ медицинақызметкері бізге арызданбағанда, бұл мәселенің қанша уақыт қоламтада бықсыпжатары белгісіз еді.   

Жәмила Баттақова Алматыдағы №24 қалалық емханаға 2019 жылдың 08 қаңтарындабас дәрігер болып тағайындалды. Араға апта салып, ұрланған 4 тонна дизельотынның орнын жабу үшін «Светлана» деген жеке кәсіпкерге «Ecofarm» газплитасының «апаттық жөндеу үшін» деген сылтаумен 250 мың теңге аударады. Мұныңартының тексеруі, сұрауы болмағасын, бас дәрігер бұдан да «батыл» қадамдаржасай бастайды. «Дәніккеннен құныққан жаман». Жәмила Баттақова бастаған «команда»Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің   30қараша 2015 жылғы «Орташа жалақы көлемін есептеудің бірыңғай тәртібін бекітутуралы»  №908 бұйрығын және «Денсаулықсақтау субъектілеріндегі қызметкерлерді кепілдендірілген тегін медициналыққызмет көрсету аясында және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойыншаынталандыру Ережесін бекіту туралы» 29 мамыр 2015 жылғы бұйрығын қалағаныншабұрмалай отырып, өздеріне ай сайын мол сыйақы мен дифференциалды жалақы жазыпала бастаған.  Шетқақпай көріп,қызметінен еріксіз кетуге мәжбүр болған қызметкерлер емхана басшылығының заңсызәрекеттері туралы журналистерге шағымдануға мәжбүр болды.

Емхананың бұрынғы қызметкерлерінің бізгетабыстаған құжатын зерттегенімізде,  басдәрігер, оның емдеу ісі жөнідегі орынбасары, менеджер, бас бухгалтер сындыбасшылықтағы өзге де қызметкерлердің сыйақысы көрсетілген. Қарапайымқызметкерлерге мереке кезінде 10-20 мың теңге аралығында сыйақы берілсе,басшылар айлықтың көлеміне тепе-тең сыйақы алып отырған. Тіпті, негізгі жалақыданбөлек, бір айда екі реттен сыйақы жаздырып алған.

Мысалы, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегіорынбасары болған Гүлжан Маякова дақомақты сыйақы алған адамдардың тізімінде. Жалақысы210 мың теңге деп көрсетілгенімен, қосымша ақы мен сыйақыларды қосқанда, айсайынғы «табысы»  700 мың теңгеден асыпкеткен. Сыйақы мен қосымша ақы бір жылдан аса үздіксіз ай сайын аударылған.

Ал 2019 жылдың басында бас дәрігердіңміндетін уақытша атқарушы лауазымына тағайындалған Жәмила Баттақова  қаңтар менақпан айларында тек 200 мың теңге көлеміндегі негізгі жалақысын алса, наурызда оған 662 мың, мамыр мен маусымайында екі рет 575 мың теңгеден аударылыпты. Ал шілдедегі еңбек демалысы, қосымша ақы және сыйақыны қоса алғанда, 1 млн205 мың теңге алған. Алайда бас дәрігер, тамызда тағы да өзіне 230 мың теңге сыйақы жаздыртып, жалпысомасы 416 мыңнан асатын ақша алыпты. Сыйақы 5 ай қатарынан берілген

Аталған аурухананың медбикелерібасшылықпен сыйыспаған кейбір мамандардың жұмыстан кетіп жатқанын айтады. Үшбалалы жалғызбасты ана Әсем Шәмшиеважасаған жұмысына қажетті жалақысының толық төленбейтінін айтады.

«Қосымша жұмыс істейміз, солтөленбейді. Маммографияға скриниг жасаймын тұрғындарға, сол үшін «СКПН» төлеу керек. Бірақ ол мүлдем төленбейді.Сосын, біздің мекеменің басшылығы  №20және 21 емханамен келісімге отырған. Сол емханаға  тіркелген адамдарды да осында аппаратқатүсіреміз. Сонда үш емхананың адамдарын аппаратқа түсіреміз, күніне отыз адамғадейін қабылдаймыз. Дәрігер терапевт ол үшін ақша алады да, алайда маған ақытөленбейді. Ал түрлі мерекелер кезінде 8, 10, 15 мың теңгедан артық сыйақытүсірмейді», — деді ол. 

«Қосымша ақы» дегенмен көршіемханада тіркелген адамдарды да осында флюорографияға түсірем. Оның нәтижесіншығарып, жазып берем. Яғни, күніне отыз шақты адамды аппаратқа түсіріп, қорытындысынберу деген ауқымды, әрі жауапкершілігі жоғары жұмыс. Алайда мен бастыққа ұнамағаным үшін осы жұмыстардың ақысын бермейді.Қосымша 25 мың теңге мен үшін маңызды, үйде қатерлі ісікпен ауыратын 39 жастағы қызым бар. Біздің бастық бұрын дажұмыстан кеткен. Қазір  ол қайтып келдіде тағы шу басталды», — деді мұңын шаққан медбикенің бірі ЕленаХаритонова.

«Қарсы адамдардың саны көп, тең жартысы. Бірақ көбі қорқып отыр. Бастықтар ауысса екендейміз, мына жақта быт-шытын шығарып жатыр жейтінін жеп, алатынын алып.«ДИПоплата» төлемейді, соны бір жағына шығарып көмектессеңіздер. Сыйақыны өзтаныстарына көбірек жазады. «ДИП» төлемді 100 % жазады да, оның 25%  ақшасын қалдырып, қалғанын кері жинап аладыҚарлығаш Мақсұтқызы (№24 емхананың бас медбикесі — ред). Сыйақыны өздері бізденбес есе артық алып отыр. Біз бас медбикенің жұмыстан кеткенін қалаймыз. Оныбұрынғы бастық шығарып жіберген жұмыстан, сол кезде ұжым тынышталып қалып еді.Ол қайта келгелі, ақша жинау, науқастардың көзінше ұрсып, қорлау көбейді. Өзінеұнамаған адам қосымша  төленетін ақшадан,сыйақыдан алып тастайды. Медбикелердің бастығы наурыз мерекесінде өзіне 180 мыңсыйақы алғанда, бізге 10 мың теңгеден ғана бергізді», — деді қазір басшысымен «жараспаған» медбике Айгүл Төлегенова.

«Бұрын маған да қосымша ақытөленбеген. Ұзақ үзілістен соң жұмысқа қайта шықтым. Сондықтан қазіргі жағдайтуралы  бір нәрсе талап етіп,  айта алмаймын. Енді бас медбикенің үнеміайғайлап жүретіні рас. Индира деген қызымыз, тағы бірнеше қыз ұрыс болған соң, шығып кетті жұмыстан. Мен өзім қазірекі адамның орнына жұмыс істеп жүрмін. Бірақ маған заң бойынша 1,5 «ставка»ғана төленеді. Мен медбикемін, дәрігерім әлі жоқ. Окулист дәрігерсіз 4 жылдайжұмыс істеп жүрмін. Қаншама дәрігерлер келді, жұмыс істегісі келмей, кетіпқалады. Кейде менің сол дәрігердің орнына жұмыс істеп, жауап беруіме туракеледі. Сіздер осы мәселені де көтерсеңіздер. Неге «узкий специалист»-дәрігерлержоқ, оның орнына неге медбикелер жұмыс істейді? Алайда мен дәрігер емеспінғой», — деді тағы бір маман Алтын Нарымбаева.

Соңғы келіп жеткен ақпараттарға сенсек,қазір №24 емхананың басшылығы журналистерге шағымданған қызметкерлерді түгелүркітіп-қорқытып, арыздан бас тартқызуға әрекеттеніп жатқан көрінеді.

Біз мәселенің мәнісін анықтамақ ниетпен,алдымен емхана басшылығына телефон соқтық. Бас дәрігер мен орынбасары «жиналысболып жатқанын» сылтауратып, сұқбат беруден үзілді-кесілді бас тартты. Одансоң, Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына хабарласуымызға туракелді. Ондағылар бұл жайдан хабардар секілді. Алайда, баспасөз қызметініңжетекшісі Нәбира Эсенова емханабасшылығымен басқарма басшысын қоса отырып, сұхбат құру туралы өтінішімізгеқұлықсыздық танытты.

Тоқтар Жақаш

Тегтер: