Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:40, 01 Наурыз 2022

Батудың ұлы жорығы

None
None

Батыл хан (Бату) 1235-36 жылдары Шыңғыс ханның тағына отырған Үгедейдің жарлығымен, батысқа жорықты бастауды нақты қолға алған еді.

Кезіндегі Жолшының ұлы (Жошы) Батыл Алакөлдің бойындағы қонысына өзінің бүкіл Дешті-Қыпшақ жеріндегі әскерін жинауды және Шағатай ұлысының да қалың сарбаздарын осы араға шақырып, тізе қосуға жаушыларын жіберді.

   Бір айға жетер-жетпес уақытта ұшы-қиыры жоқ мол әскер Тарбағатай тауы мен Алакөл жағалауына жақын жатқан Іле Алатауының шеткі сілемдерінің аралығына лық толды. Миллионға таяу қалың сарбаз осы арада сап түзеп, жойқын соғысқа дайындалып, көп ұзамай жорыққа аттанды. Бұл ұлы жорыққа бұрынғы Шыңғыс хан империясының туын көтерген жалайыр, найман, керей, қоңырат, қият, басқа да көптеген тайпалармен қатар, сол кездегі қазақ жеріндегі үйсін, сарыүйсін, арғын, дулат, қаңлы тайпаларының сарбаздары түгелімен тартылды. Батыл хан өз қасына кеңесші және өзінен кейінгі қолбасшы етіп, Шыңғыс ханның бұрынғы әскер басы Сүбетай (Сүбедей) батырды ертіп алды. Соғысты жүргізудің бүкіл әдістері мен тәсілдерін бес саусақтай білетін ұлы батыр әлі тың еді.  Әскердің молдығы соншалық, салмағынан қара жер қайысқандай, құлақ тұндырған дыбысы алты қырдың астынан естілетін. Содан Батыл хан бастаған қыпшақтың қалың әскері Сарыарқаны басып өтіп, Жайық пен Еділдің екі аралығын бір демде жаулап алды. Бұлғария (қазіргі татарлар) ешқандай қауқар көрсете алмай,  еріксіз берілді. Батыл хан мен Сүбетай батыр үнемі соғыс бастар алдында кеңесіп отыратын болған. Еділ мен Жайықтың аралығын толық жаулап алған соң, хан өзіне Сүбетайды шақыртады. Сол кездегі қыпшақ әскерлерінің аса молдығы славян еліне бірнеше тұстан соғыс жүргізуге шамасы жететін еді. Батылдың қол астына сол тұста орыс княздіктері мен Кавказ, Қырымның әлі кіре қоймаған кезі. Хан бұларды мүмкіндігінше көпке созбай тез жаулап алуды жоспарлаған болатын. Осыны ескерген Батыл хан Сүбетайдан: «Русь пен Кавказды бір уақытта  талқандап өтуге бола ма, әлде екі бағыт ашып, орақтай иіліп ортаға алып соғыс жүргізгеніміз жөн бе?» – деп сұрады. Бұлғар қаласында аялдап жатқан бұлар дүрк көтеріліп, 1237 жылы күзде екі бағытпен жорыққа аттанды. Мөңкенің әскерін Кавказ жақтан жіберіп, өзі (Батыл хан) орыс князьдіктеріне ойда жоқта басып кірді. Бірінші соққыдан кейін-ақ Пронск, Рязань, Владимир, Коломна қалаларының күл талқаны шықты. Батыл енді Мәскеуге бет алды. Бұл 1238 жыл болатын. Князь Владимир Всеволодович орыс князьдіктерінің бірінен соң бірі беріліп жатқанын естіп, қашып кетті. Қыпшақ әскерлері тек қалаларды ғана емес, бүкіл жолында кездескен елдімекендерді тып-типыл еткен еді. Ресейді үрей жайлап алған болатын. «Торғай болып ұшып кетпесең, аман қалуың екі талай» деген мәтел сөз ел арасында тарап кетті. Мәскеудің бекінісі қанша мықты болғанымен, айналасына ор қазып, су жүргізіп қойғанына қарамай, даланың құрыштай берік сарбаздарына қарсы тұра алмады. Ақыры Мәскеу да алынды. Сонымен қатар Коломна, Торжок, Козельск, Тверь қалалары да жаулап алынды. Бұл кезде Мөңке Солтүстік Кавказ бен Қырымды аттарының тұяғымен таптап, кездескен жауларына дес бермей, жайпап өткен уақыт болатын. Батылдың алдындағы ендігі мықты бекініс Новгород еді. Бұл қалаға небәрі 150-200 шақырым жер қалған-ды. Жылнамашылардың айтуынша, көктем айы болғандықтан, айнала көл-көсір болып еріп, сарбаздардың және ат-арбалардың жүруіне көп қиындық келтірді. Сондай-ақ азық-түлік аза­й­­ып, қалың әскер ішінара ауыра бастаған. Түмен басшыларымен кеңес құрған Ұлы хан көктемнің қары мен суығы кеткенше далаға бет алып, демала тұрғанды жөн көрді. Бірақ мыңдай садақшыны бөліп алып, қаланың түбіне жақындатып, отты жебелермен Новгородты өртеп жіберуді Қалқан түменге мықтап тапсырды. Жарлық  толықтай орындалды. Қамалды бұзбағанымен, қала іші тұтастай өртеніп кетті. Оттың жалыны мен будақтаған түтін алыстан көрініп тұрды. Демалып, біраз сергіген қалың әскер кезінде «Сайын хан», деп ұлы бабасы Шыңғыс ханның өзі атаған Батылдың жетекшілігімен, енді оңтүстік славян қалаларын: Переяславльді, Угличті, Черниговты, Владимир-Суздаль, Смоленскіні көп қиындықсыз жаулап алды. Алда тек славян жұртының орталығы саналатын Киев қана қалған болатын. Батылдың сарбаздары мен Русьтің солтүстігін бағындырып келген Мөңкенің әскері қосылып, ендігі меже Киевті басып алуға дайындала бастады. Қалың қосынның алдында жарқырап Киев тұрды. 1240 жылдың күзінде, қатқақ жермен Батыл мен Мөңкенің қарақұрым әскері Киевтің түбіне келіп жетті. Батыл хан сұлу Киевті ешқандай соғыссыз алғысы келіп еді және мұны Мөңкеге ескерткен болатын. Бірақ Киев тұрғындары қаланы өз еркімен бергісі келмеді. Батылдың негізгі күштері қаланы қоршауға алғанда, бойын үрей билеген Киев билеушісі Михайл Всеволодович Мажарстанға қашып кетті. Басшысыз қалған қала қорғаушыларының көрсеткен қатты қарсылығына Батыл хан қайран қалған еді. Дегенмен, қала қорғаны күшті болғанмен үш айдың ішінде қалалардың қаласы атанған Киев ойран болды. Ыза кернеген хан қаланы тұтастай өртеп жіберді. Сонымен қатар әскерінің біраз күнге демалуына рұқсат берді. Сүбетай мен өзге әскер басшыларын жинап алып, өзінің жорықтың алдында берген тапсырмасының қалай орындалып жатқанын сұрастырып тексерді. Сүбетай батыр ұлы жорық басталар алдында Батыл ханға Шыңғыс хан бабасының мына бір әдіс-тәсілін айтқан болатын. «Шыңғыс бабаң жүз мыңға толар-толмас әскерімен мұхиттай керіліп жатқан Қытайды шапқанда, соғыс басталар алдында бүкіл түмен басшыларын шақырып алып: «Сендер сарбаздарыңның ол жақта қытайдан әйелін алуына қарсы болмаңдар, сарбаздар күндіз соғысады, түнде солармен болсын. Соғыста шығынсыз болмайды және бірнеше айға  кетіп бара жатқан жоқпыз. Мен біраз қыпшақтың қыз-келіншектерінің жасағын құрып, бірге алып бара жатырмын. Біз қытай әйелдерінен туған балаларды солардың қолына тапсыратын боламыз. Олар әлгі балаларды елге әкеліп, әрбір үйге бір-екі баладан кіргізіп отырады. Өгей балалар ұл-қыздарымызбен біте қайнасып өсіп, біраз жылдардан соң опат болған сарбаздардың орнын толтырады. Сонда ғана бір уыс құмдай халқымызды жоғалтып алмай толықтырып, сақтап қаламыз. Осыны естеріңде мықтап ұстаңдар», – деп жарлық берген еді. Батыл хан да бүкіл әскер басыларын жинап алып, әрбір сарбазға осы ескертуді мықтап айтқан еді. Бұдан соң Батыл хан Галич-Волын жеріне аяқ басты. Мұнда алты қала бар еді. Бірақ мұндағылар ханның аяғына жығылып, айтқандарын түгелдей орындады. Сондықтан ешқандай қақтығыс болмады. Сонымен, бүкіл Русь Батыл мен қыпшақ әскерінің алдында тізесін бүкті. Қыс айының соңына таман кәрі құрлыққа жорық басталды. Әуелі Польша мен Силезия жерін басып алды. Поляктар мен немістердің біріккен күшін, темір сауытты рыцарларын түрлі айламен тасталқан етті. 1241 жылдың көктемінде Еуропаның елдері бірінен соң бірі құлай бастады. 1242 жылдың қараша айында Батыл ханның түмендері Словения мен Хорватияны жаулап алып, Загребке ат басын тіреді. Қыпшақ әскерлері Еуропаның біраз қалаларын бағындырып, Венаға жетіп, оны да алады. Сербия, Болгария жеріне келгенде, арттан жаушы келіп, Үгедей ханның қайтыс болғанын жеткізеді. Бұған қарамай бұл елдерді де тізе бүктірді. Осыдан кейін, еріксіз ат басын кері бұруға тура келді. Басып алған жерлерінің бәріне өз адамдарын басшылыққа тағайындап (басқақтар), алым-салық жинап тұруға жарлық берді. Қанды жорықтан соң, 1243 жылы бұлар жазиралы кең өлке, суы жалпақ, тіршілікке өте қолайлы Еділдің бойына келіп тоқтайды. Осы арада өзінің құрған қағанатын Алтын орда деп атап, басып алған жерлерін, мемлекеттерін, қалаларын Алтын ордаға тікелей бағындырды. Қала салдырып, билік жүргізуді қолға алды. Еділдің жағасына келіп, ақ боз атын суғарып болған соң, аттың алдыңғы аяғын көтеріп, тұяқтарының мыңдаған шақырым жер жүрсе де, кемірілмегеніне қайран қалды. Ұстаны шақыртады. – «Мына ай тұяқты көрдің ғой, кемірілмеген. Мен әдейі жорық алдында таға қақтырмаған едім. Арғымақтың тұяғы жорық уақытына шыдар-шыдамасын білгім келген. Осы ай тұяқққа ұқсатып, қағанаттың мөрін жасайсың, ұқтың ба», – деп бұйырады. Сонымен түркі  қыпшақтардың ай тұяқты мөрі бар екінші империясы (Шыңғыс ханнан кейінгі) осылай дүниеге келген болатын.

Түркілер  құрған Ұлы қағанаттар

   Әлемдегі басқа халықтармен бірге тіршілік кешіп жатқан 200 миллионға жуық түркі жұрағаты ХІ ғасырдан бастап ХVІІ ғасырға дейін жер шарының үштен екісін билеп тұрды десек қателеспегендігіміз. Сонау ХІ ғасырдан бастап-ақ Шыңғыс хан құрған Ұлы қағанаттан бастап, одан кейінгі оның немерелері ұйымдастырған;  Құбылай (Қытайды біріктіріп, империя дәрежесіне жеткізген), Құбағұл (Хулагу) (құрамына көптеген елдер кірген Кіші Азия империясы), сонымен қатар  Батыл хан (Бату) негізін салған империяларының өмір жасы бірнеше ғасырға жетті деуге болады.  Еуразия жазығында Батыл хан орнатқан ұлы қағанатты;  Алтын Орданы – негізінде түркі қыпшақтар орнатқанымен,  оның құрамына жаулап алынған көптеген хандықтар мен княздықтар және королдықтар кірген еді. Сол секілді, өзге қағанаттарда да солай.

 Дегенмен, қазіргі қазақтар, бір кездері өздерінің ата-бабалары құрған осынау Ұлы тарихты түсіне ала ма?! Неғайбыл? Аңқау, алаңғасар қазақтың алтын тарихын айналадағы еті тірі елдер өздеріне қаратып алған. Алаш жұрты, өз санасындағы кері кеткен құлдық түйсікті алдағы уақытта алып тастай алса, болашақта түсінер дейміз. Бірақ кеш болуы да мүмкін. Қазақтың өз мәтелімен айтқанда «Болары болып, бояуы сіңіп» дегендей. Жанын шүберекке түйіп, қаны мен құрбандығын шаша жүріп, кезіндегі көшпелі түркі қыпшақтар арыстандай айға шапқан, азулы, бірнеше империяны құра білуі, ол оңай дүние емес. Мұндай ұлы істерді атқару, ұйымдастыру көптеген халықтардың пешенесіне жазылмаған. Мүмкін, олардың отырықшылығы болар? Тек, Рим империясы ғана болмаса! Қалай десекте, қазіргі қазақтар осы  ұғымды, пайымды түсінсе болғаны! Түркі жұртының екінші бір елі құрған ұлы қағанат, ол – Осман империясы. Бұларда да өз заманында ат үстінде өскен жұрт. Кәрі құрлықтың тізгінін қолына алып, азияның бірнеше елін өзіне иліктірген халық. Бірақ жеткен жетістіктері көбіне көшпелі Жалайыр тайпасының арқасында ғана. Византия империясын құлатып, астанасы Константинопольді тартып алудың өзі ұшқырлық пен мықтылықтың белгісі емес пе?!   Шыңғыс хан мен оның алтын ұрпақтары (золотые потомки)  орнатқан алып қағанаттар, сондай-ақ, Осман империясы, өзге ұлттардың шашылып жатқан княздықтары мен корольдіктерін біріктіріп, олардың мемлекет болуына жол ашып және дамуына әкеп соқты. Осыларды айта отырып, кезінде Көшім хан құрған және билеген Сібір хандығының да (Ыбыр-Сыбыр өлкесі) кеңдігі жағынан, өз уақытындағы Рим империясының аумағынан әлдеқайда үлкен болған. Көшім де, Шыңғыс хан және оның немересі Батыл хан сияқты көне қыпшақ тілінде сөйлеген түркілердің ұрпақтары. Осылардың барлығы кезіндегі қыпшақтардың, яғни, қазіргі қазақтардың бойтұмар тарихы. Оларды ұмытуға, не болмаса салғырт қарауға болмайды және кейінгі ұрпақтың сана-сезіміне, оның ата-бабаларының қандай болғандығын терең түсіндіріп, қалыптастыра білуіміз керек! Түркі қыпшақтар ең бірінші ішкі тай-таластан (қазір де кездеседі) және ауыз бірлігінің жоқтығынан, өздері бір кездері құрған құрлық аралық алпауыт мемлекеттерін құлатып алды. Мәселен; Куликова даласындағы (Күлік алқабы) соғыста Алтын Орда билеушісі ер Мамай жеңілген емес. «Өлдің Мамай, қор болдың», – депте айтпаған. Қайта «Жеңдің Мамай, ерледің Мамай», – деген.

Сталин құрған Кеңес Одағының сол кездегі орыс ғалымдары бәрін керісінше  жазған. («Сталинияда» кітабынан). Тек, Алтын Орда империясы Темірланнан бірнеше рет соққы жеп, жеңілгеннен соң әлсіреп қалған. Әскер басы Мамай болса Алтын Орданы қайта қолға алып, күш жиып, орыс княздықтарынан келетін тоқтап қалған алым-салықты қалпына келтірмек болған. Алтын Орда әскері бұрынғыдай мол болмағандықтан, шегінген жаудың артынан жібермеген. Соны Қызыл тудың астындағы ғалымдар мен жазушылар Дмитрий Донской «жеңді», – деп ойдан құрастырып, Кеңестік идеологияға өз үлестерін қосқан. Алтын Орданы құлатқан негізінде Темірлан болатын.   Темірлан кім еді? Орыс жазушысы С.Дёминнің «Баязит» атты атақты романы бар. Роман түрік сұлтаны Баязиттің атымен аталғанымен, көбіне-көп Темірланның бір ретте жеңілмеген әскері мен оның жеңімпаз жорықтарына арналған. Романды түгелімен оқып шыққан адам, жазушының Темірланды ешбір жерде «өзбек», – деп атамағандығын байқайсың. Мүмкін, ол кезде өзбек атауы болмағанда шығар. Тек, Барлас руының азаматы болғандығын айтып отырады. Көп жерінде былай деп жазады: «Он был сыном скотника кочевого народа, когда то пересилившиеся на берег реки Сырдарьи и Кашкандарьи». Жалпы Барлас руы қайдан келген және бұл арада қайдан пайда болған? Шыңғыс ханға байланысты романдар мен орыс және еуропа ғалымдарының ғылыми-зерттеу монографияларын оқып, зерттеп қарағанда, Барлас руын Алтай аймағындағы сол замандағы және сол кеңістіктегі ең ірі тайпа Наймандардың құрамынан көресіз. Осы тайпаға жататын кішігірім ғана ру. Хорезм империясын Шыңғыс хан шапқанда, Алтай аумағынан қосылып, қалың әскердің құрамында соғысқа қатысқан. Қара Ертістен көшіп, Байкөлге дейін барған. Бірақ кейін ол жақтың қатты суығы ұнамады ма әлде жаз жайлаудан, қыс қыстаудан қыспақ көрді ме оңтүстікке қарай ығысып, ол кезде суы мол Сырдария мен Қашқандария өзендерінің жағасына келіп тоқтаған. Қашқандарияға Барлас руының бірнеше атасы ғана келіп қоныс тепкен. Міне, Темірлан осы өзеннің алқабына орналасқан Шахрисябз қыстағында дүниеге келген.   Даланың ер-азаматы болғандықтан, ат құлағында ойнап өскен. Даладағы қыратты, ойпатты, сайларды соғысқа қалай пайдалануды өте жетік білген. Сонда, Темірлан қай елдің ұланы? Қазіргі өзбек ағайындарымыз өз мемлекетінің аумағында туған қай халықтың баласы дарынды тұлға болса, ол өзбек дейді. Бірақ Темірлан туралы қателесуге болмас дейміз. Тіпті сол мемлекетте тұрған басқа этностардың көпшілігін өзбек қылып жаздырып, өздеріне сіңіріп әкетті. Жалпы, өзбек ағайындар қалалық халықтар, отырықшы ел. Ерте заманнан сауда-саттықпен және бақша өнімдерін өсірумен айналысқан тіршілігі мығым жұрт. Әлімұлынан шыққан Жалаңтөс батырда Самарқандты қырық жыл билеген емес пе? Оны да өзбек, деп қаншама жыл айтысып-тартысып ақыры түбі қазақ, руы Әлімұлы болғаны анықталған соң жайына қалдырды. Кешегі Кеңес Одағының батыры Сабыр Рахымов секілді. Түптеп келгенде, атақты Темірланда Найман тайпасының Барлас руынан шыққан азамат. Мұны, еуропалық және америкалық ғалымдар жазып отыр. Тіпті ғалым-жазушы Хилда Хукхем өзінің  Әмір Темір туралы жазған ғылыми еңбектерінде де осылай көрсеткен. Сонда император Темірланды қай елдің баласы дейміз?! Әрине, Түркі жұртынан шыққан хандар да, сұлтандар да, батырлар да көп болған. Дегенмен де, Темірланды көшпелі елдің азаматы деп түсінуіміз керек және солай да.

Тегтер: