Батырбеков сот алқасының төрағасына қарсылық білдірді

15.11.2019, 19:00

2

Түркістан облыстық соты «Жала жабу» және "Қорлау" бабымен 2 жыл 3 айға түрмеге қамалған журналист, белсенді Амангелді Батырбековтің апелляциялық шағымын қарап жатыр. 15 қарашада өткен сот отырысында Амангелді Батырбеков сот алқасының төрағасы Таубай Қадырбаевтың істі қарауына қарсылық білдірді. Оның айтуынша, Таубай Қадырбаев 2015 жылы өзіне қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша үкім шығарған сот алқасының құрамында болған.

— Қылмыстық-процестік кодекстің талабы бойынша бұрын менің ісімді қараған судья екінші рет қарай алмайды. Кодекс талаптарын бұзбау үшін судья Қадырбаевтың істі қарауына қарсылық білдіремін, — деді Батырбеков.

Батырбековтың талабын оның қорғаушылары қолдады. Ал жәбірленуші мен оның адвокаты қарсылық білдірді. Жәбірленуші Бақтияр Әбдиевтің адвокаты Гүлжан Әбдіхалықова «Батырбековтың талабы заң талабына сәйкес емес, негізсіз» деді.

Тараптарды тыңдап болған судья Таубай Қадырбек өзінің талап-тілекті қарауға құқығы жоқ екенін айтып, сот залынан шығып кетті. Содан кейін сот алқасы тараптардың пікірін қайта тыңдап, кеңесу бөлмесіне кетті. Кеңесу бөлмесінен шыққан сот алқасы Батырбековтың талап-тілегін қанағаттандырмады.

Бүгінгі сот отырысына Амангелді Батырбеков пен оның қорғаушылары, жәбірленуші Келес аудандық білім бөлімінің басшысы Бақтияр Әбдиев пен оның қорғаушысынан бөлек, журналисті қолдап келген ондаған адам қатысты. Облыстық сотта үлкен сот залы болмағандықтан, іс облыстық мамандандырылған ауданаралық сотта қаралып жатыр. Сот процесіне келген 70 шақты адамның жартысына орын жетпегендіктен олар сот процесін күту залында теледидардан бақылап отырды.

15 қарашада сот отырысының басында судья Таубай Қабырбаев екі тараптың құқықтарын түсіндіріп болған соң жәбірленуші Әбдиев пен Батырбековті татуласуға шақырған. Бірақ жәбірленуші де, сотталушы да татуласуға қарсылық білдірді.

Түркістан облыстық соты «Жала жабу» және "Қорлау" бабымен 2 жыл 3 айға түрмеге қамалған журналист, белсенді Амангелді Батырбековтің апелляциялық шағымын 12 қарашада қарай бастаған.

Оқи отырыңыз: Қылмыстық кодекс жұмыс істесе, мен ақталамын

Қыркүйектің 23-іне Сарыағаш аудандық соты жергілікті «Сарыағаш инфо» газетінің редакторы және «Сарыағаш — Әділет» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Амангелді Батырбековті Facebook әлеуметтік желісіне жергілікті шенеуніктің «ар-намысына тиіп, қадір-қасиетін қорлайтын» жазба жариялағаны үшін Қылмыстық кодекстің «Жала жабу» (130) және "Қорлау" (131) баптары бойынша айыпты деп танып, 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырған. 54 жастағы Амангелді Батырбеков өзіне тағылған айыпты мойындаудан бас тартқан.

«Журналистерді қорғау комитеті» (Committee to Protect Journalists, CPJ) Қазақстан билігін Батырбековті дереу босатып, тағылған барлық айыпты алып тастауға шақырды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34