Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:16, 30 Маусым 2020

Батырболат АЙТБОЛАТҰЛЫ: «Сол баяғы көнбіс, қамсыз қазақпыз...»

САЙҒАҚ*

Кенесарыныңрухына

«Ерлігі Наурызбайдың ерек еді,

Хан Кене ақылдасқан зерек еді.

Екеуі қапылыста өліп кетті,

Қазақтың баласына керек еді»

Омар Шипин

Кешегі тарихтың бір дерек-ені:

Хал-жайым – бассыз қалған денең еді…

Беу, баба, орны толмай тұр жоғымның –

Халқыңа алтын басың керек еді!

… Жалғаннан (жамандарға той секілді)

Кеттің Сен – қайталанбас сой секілді.

Отарда тыпырлады қайран елің

Қотанда үйелеген қой секілді.

Қайтейін бассыз тәндей тірлігімді?

Басыңның бәсі бүгін шын білінді,

Құдайдан именбеген имансыздар

Жатқанда иянаттап дін-ділімді.

Сен барда – Алты Алашқа тұлға сынды,

Қазақты қазіргідей кім басынды?

Тілімді кемсітсе кей кісәпірлер,

Жоқтаймын, іштей налып, қу басыңды.

Қадірсіз болса асылы кісі емеске,

Шын ердің шамырқанар тұсы емес пе?

Күйігі шаталардың күйдіргенде,

Толағай басың сенің түседі еске.

… Сонда да қылып хаққа шүкірлік мен,

Көңілді аластайын күпірліктен:

Бостанмын бүгін, баба, алыстадым,

Кешегі бодан күннен үкім күткен.

Бекуге бет бұрған бұл тұстары іргем,

Салтыммен ерлерімді нұсқа білген,

Басыңа белгі қойдым табылмаған,

Қиылған ғұмырыңдай қысқа жырмен!

Аллаһу әкбар!

МЕКТЕПТЕСІММАЛДЫБАЙ МИЛИЦИЯҒА МАДАҚ

(Ирониялықиірімдер)

О бастан-ақ жоқ ең сауап-обалға,

Өлең – саған «бір былжырақ» қадірсіз.

Біздікіндей безбүйректеу қоғамда

Таптырмайтын кадрсыз!

Кездескенде сәлемнен соң сұрарың:

«Бір тақпаққа қанша доллар төлейді?».

Оқталам да тіл қатпаққа, сосын… үнсіз тұрамын,

Тоқталамын ылғи да мен қырнап барып көмейді…

– Осы неге жылайсыңдар, ай-күн аман, ел есен?!

Мұң деген не? – дейсің маған

                                                        (Мықтысың-ау,Малдекем!).

Сәл-сәл ғана жетпей жүрген капитандық демесең,

Төрт құбыласы сендей түгел бар ма екен?!

Беу, Малдеке, отыздан соң тек орысша сөйледің

(Сауатсыздау демесеңіз, айыбы).

«Ана тілім...»

                            Күмілжігенсөзім құрсын, өй, менің,

Біздің тіл де тіл болып па, тәйірі?

Обал жоқ-ау, әй, обал жоқ мен сықылды қасқаға

Осы тілде өлең жазып сорлаған!

Үй жоқ, күй жоқ, ақша да жоқ, басқа да…

Өл де маған милиция болмаған!

БАЙҚОҢЫР-БҮЙРЕК

Ине жұтқан иттей мүшкілкүйдемін –

Бүгін мен қан түкірдім.

Баяғыдан ауырғанменбүйрегім,

Қазіргіден шүкір-ді…

Бір сау мүшем қалмаса дабойымда,

Сол баяғы көнбіс, қамсызҚазақпын.

Қазір, бірақ, керек шығармойындау?.. –

Тепкілеген «ана ағамнан»азатпын…

...Қайтсем екен мынасырқат-тажалды?..

Қабақ шытам, тым күйреп.

Жиі ойыма салар боп жүражалды

Қан қақсатқан бір бүйрек…

ЖАМАН ТҮС

«Түс қыла гөр, Құдайым!»

Махамбет

Мен бүгін ояу жүріп түскөрдім,

Түсімде хикмет іс көрдім:

Ер едім – ісім бітпеді,

Дұшпанның келді күткені –

Темір қазық жастандым,

Қылышынан қастанның

Махамбет, Кене бастандым,

Бір шұңқырға тасталдым.

Көзімді қарға шұқыды,

Төбемнен кәззап нұқыды…

Ақырзаман осы ма? –

Қаңбақ құсап қаңғыбас,

Домалап жеткен қасыма

Қу толағай әлгі бас –

Басым екен өзімнің,

Сөйледі ол кенет ашына:

«Мен мен едім, мен едім,

Мен Нарында жүргенде,

Еңіреп жүрген ер едім.

Исатайдың барында

Екі тарлан бөрі едім!..»

… Зәрем кете қорықтым,

Қу бастан қашып,зорықтым.

Безіп бара жатқанда,

Тұла бойы қан, басы жоқ,

Тұл денеге жолықтым.

Тұлданып ол да сөйледі,

Сөйлегенде бүй деді:

– Ей, өзімнен туған жасбала,

Бабаңның жанын ауыртып,

«Дінім жоқ неге тұғырлы,

Ділім жоқ неге бұрынғы,

Тілім жоқ неге?» демеші.

Тілің не сенің, бәтір-ау,

Басың жоқ кезде… Онесі?!

… Одан да қаша жөнелдім,

Артта қалып даламның

Ойы, қыры, белесі,

Кезеңге жеттім келесі.

Кезеңнен әрі көз салсам,

Кезіп жүр байтақ даламды

Бабамның бассыз денесі,

Бостандығымның елесі…

ҚАЛАДАҒЫБҮГІНГІ БЕСІК ЖЫРЫ

(Демографиялықдәйек)

«Айналайын баладан,

Тауып алған даладан.

Далада бала жата ма?

Түсіп қалған ғой шанадан...» –

… Тербетіп «тауып алған» Әлішерін,

Тарқатып осы әнменен әрі шерін,

Айнагүл ақ бөпесін әлдилейді.

Сынбапты бойындағы әлі сенім…

Ұқсамай түңілгенге шырайы әлі,

«Көкеміз келмейд...» деп тек мұңаяды.

Хабар жоқ ауылдан да көптен бұған,

Сирепті құрбысы да қыл аяғы.

Көңілін үмітті ойға демдетеді:

«Ертең-ақ құлыншағым ержетеді!..»

«Қырық шырақ» қыз да болса қиын, қиын…

«Шырағын қырық бірінші» ол тербетеді.

Бөбегін бесіктегі күлдіреді,

Өзі де бір жыласа, бір күледі.

Көркінің құдай берген бұны бүйтіп

Өртіне орағанын кім біледі?..

Өксітіп тапталғаны пейілінің,

Артынша қайта тауып мейірімін,

Нұрланып жас жамалы (жас – жанары),

Мұңая әндетеді сүйіп ұлын:

– Айналайын баладан,

Тауып алған даладан.

Далада бала жата ма?..

Түсіп қалған ғой бұл шанадан…

БАБА ТІЛ ЖАЙЫНДАҒЫБАЙ-БАЙ

«Зар шығадытілімнен...».

Абай

Біз осы тіріміз бе,тірі өлдік пе?..Айналды-ау күнің кісі күлерлікке,«Ана тіл» атаймыз деп әлде СеніАйбарсыз, аянкеш қып жібердік пе?..

Қыпшақы қылыш сындыөткірім ең,Тәңірдің тұмарындай тектілік ең.Жайыңа жаны ашыған түрім құрсын,Жалтақтап жан-жағыма, жөткірінем…

Білдірген барқайратым – құлша күңкіл,Кім білсін, мүмкін соңғы мұрсатым бұл...… Бір кезгі ұлық тілім – қазір ендіҰлтыма ұлық-төрем ұрсатын тіл.

… Базарғатүсті-ау, бай-бай, баға-құның,Балаңды кешпе мендей, баба тілім – Дат айтып, дұшпанымды сүйсіндіріп,Ақ сөйлеп, қара қылды жаратыным!

Мұрт астыміңгірлеген сорлы ағаныңСықпытын көріп кейде қорланамын.Қайран тіл, мұңым болар деп ойлап па емБилік пен бала тілі болмағаның?

… Баба тілбосағасын сығалағанПарламент күйік болды-ау мына маған.Жүрегім – талақ «тіл» деп тілінбеген,Көр болсын көзім сен деп жыламаған!..

Бай-бай, бабатілім-ай…

ЗАПЫРАН

Өз еліміздеөгейсідік те,

Өгізше көндіккедейшілікке.

Арақтан өш ап,ақымақ болып,

Жат табанындажапырақ болып;

Мүләйім күліпшетелдіктерге,

Момын қазаққакөтердік кеуде.

Бағымыз солдай –бағаны бақтық,

Басқаны қойып,баланы саттық.

Шалғайын ұстапшетелдік шалдың,

Шетке қыз кеттік –көтердік бәрін…

Киелі өнердің құнынұқпадық,

Киркоров келсе,қырылып бардық.

Өжеңдескен соң өзгетілменен –

Өлікпіз ғой бізкөрге кірмеген!..

Көргенсіз қызың,дәрменсіз ұлың –  

Бетке ұстар бүгінбар дерсің кімім?

Тұлғалым еді –түңілтті қазақ,

Қылмады бүгін кімұлтты мазақ?

Құнсыз екен-ауқұлға азаттығың,

Бұл қазақ – нағызпұл қазақ бүгін!..

Қандай ел едікбарда мысымыз,

Қазағым, қайдаар-намысымыз?

Салмағын салыпсанаға бәрі,

Сансыратқаны-айзамана зары.

Бар мұңым –өлең-запыран болып,

Ай-күн аманда аһұрам келіп.

Шын мықты болсаң,жердей бол енді,

Шын күшті болсаң,өлмей гөр енді!..

ТƏУЕЛСІЗДІК

Желтоқсанда шаһиткешіп өмірден,Жан ағамның жаназасыз көмілген, Жан апамның – жатырына тебілген;

Зар заманның алағайда бұлағай, Запыран ойдың ішіп өткен ұлы Абай,Зарығымның ең ақырғы дұғадай;

Отарлаудың орысатын жамылған,Ойрат болып жерімізге ағылған,Шүршіттеніп іргемізден шабынған;

Тірісінде ұлтымкөрген тозақтың,Өзге еш халық естімеген азаптың, Аштан өлген мың-миллион қазақтың;

Дəурен сүргеншағымыз боп алас күн,Келімсекпен туған жерге таластың,Қыршын кеткен арманының Алаштың;

Дінім көнгенқорлықтың, Ділім көрген қорлықтың,Тілім төзген зорлықтың;

ТіксіндіргенКремльдей сарайдыТəшеновтің тағдырының талайлы –Төлеуі бұл ТƏУЕЛСІЗДІК арайлы!..

Əкелердің ертеағарған шашының, Аналардың удай кермек жасының, Хан Кененің табылмаған басының –Өтеуі бұл ТƏУЕЛСІЗДІК асылым!


* Сайғақ – оқшау бейіт басына қойылатын белгі-ағаштың көне атауы

Тегтер: