Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:15, 27 Ақпан 2022

Батыс елдері Ресейді SWIFT-тен ажыратуға келісті - Украина СІМ

None
None

Батыс елдері Ресейді жаһандық SWIFT төлем жүйесінен ажырату туралы келісімге келді және осы санкцияны енгізуге дайындықты бастады.

Бұл туралы Украинаның сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Facebook желісіндегі парақшасында айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz

«Ресми шешім әлі рәсімделмеген, бірақ шешім қабылдауға және осы санкцияны енгізуге техникалық дайындық басталды», — деп жазды Кулеба. 

Ол мыңдаған адамға, оның ішінде, осы шешімді қабылдау үшін үкіметтеріне қысым жасап жатқан украиналық диаспораға алғыс айтты.

«Бұл жеңісті украиналық дипломаттар Украинаны қорғаушыларға арнайды», — деді Кулеба.  

Сенбіде Еуроаймақ елдерінің бірінің орталық банкінің басшысы аноним түрде Reuters агенттігіне Ресейді SWIFT-тен ажырату туралы шешім бірнеше күн ішінде қабылданатынын айтты.

Тегтер: