Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:43, 04 Қаңтар 2022

Батыс Қазақстан Жаңаөзенді қолдайды (видео)

None
None

Жаңаөзен және Ақтау қалаларындағы газ бағасының өсуіне және жалпы елді жайлап алған қымбатшылыққа қарсы бағытталған халық наразылығы батысқазақстандықтар тарапынан да қолдау табуда.

Соның бір дәлелі кеше әлеуметтік желілерде Жаңақала, Ақжайық және Бөрлі аудандарының бір топ азаматтары бейнеүндеулер жариялады. Онда олар: «Жаңаөзен халқымен біргеміз! Қолдаймыз! Қарапайым адамдарға қарсы күш қолданылмасын!», — деген талап қойып отыр.

Сондай-ақ қоғам белсендісі, оралдық белгілі заңгер Абзал Құспан бүгін түнгі сағат 01:00-де ФБ парақшасында «Оралдық бір топ азаматтар Маңғыстаулық ағайындарды қолдап, облыстық және қалалық әкімшілік арасындағы алаңға жүк көліктерін қойып, митинг ұйымдастыруда! Жергілікті билік осыған кедергі келтіру мақсатында жолдың екі жағына ДЭП-тың тракторларын қойып тастады! Енді сырттан көлік кірмейді, іштен шыға алмайды. Назарбаев даңғылы толық жабық! ОМОН-ды автобуспен әкеп төгуде!», — деп жазба қалдырды. А.Құспан бұған кеттлингтің жаңа түрі деп баға берді.

Тегтер: