Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:36, 03 Қаңтар 2022

Батыс Қазақстанда бірнеше ауыл жарықсыз қалды

None
None

Батыс Қазақстан облысында онға жуық елді мекен тұрғындары жарықсыз қалды. Оқиғаны облыстың Төтенше жағдайлар департаменті растады, — деп хабарлайды «Жас Алаш»Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

БҚО синоптиктері дауылды ескерту жасады. Аймақта қалың қар жауды. Жағдайды қатты жел қиындата түсті.

2 қаңтар күні сағат 11:00 шамасында Төтенше жағдайлар департаментіне электр қуатының апатты өшуі туралы хабарлама түсе бастады. Жаңғала ауданы Пятимар (508 абонент), Сырым ауданы (120 абонент), Өнеге ауылы Жәнібек ауданы (37 абонент) және Орал қаласы маңындағы Дерқұл ауылының (345 абонент) тұрғындары электр қуатынсыз қалды.

Сағат 15:30-да Пятимар, Бұлан және Өнеге ауылдарында электр қуаты қалпына келтірілді.

Кейіннен қолайсыз ауа райы Бестерек (50 абонент), Никанур (30 абонент), Қараөзен (100 абонент), Жалпақтал Қазталов ауданы (60 абонент), Алмазный Шыңғырлау ауданы (254 абонент), Қоскөл Қаратөбе ауданы (50 абонент), Егіндікөл Жанғала ауданы (267 абонент) және Орал қаласындағы Зачаганск шағын ауданы (460 абонент) тұрғындарын да жарықсыз қалдырды.

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын «ЗапҚазРЭК» АҚ-ның 76 қызметкері жүргізеді. 18 техника жұмылдырылған.

Тегтер: