Батыс Қазақстанда оқушыларды лагерь орнына саунаға орналастырған (видео)
Facebook қолданушысы Ирина Ким Батыс Қазақстан облысындағы балалардың лагерь орынан саунаға орналастырылғанын видеоға түсіріп алған.
Кадрларда мекемеде жартылай жалаңаш ерлердің қалай жүргені, неге екені белгісіз, душ жанында дивандарды көруге болады.
Сонымен қатар, балалар ұйықтайтын бөлме кең емес — екі қабатты кереуеттер бір-біріне тым жақын.
«Екі күн бұрын Алматының Жетісу ауданынан балалар „Арман дала“ лагеріне аттанды. Кешке қарай көптеген бала ата-аналарына лагерьде қалай орналасқанын көрсететін суреттер мен видеолар жіберген. Шошып кеткен олар балаларын алып кетуге барып, бұл видеоны түсіріп алды», — деп жазды Ирина.
Оның айтуынша, балалар бұл «лагерьге» қаладан тегін билеттер арқылы келген.
Алматы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі шағымнан кейін бөлім қызметкерлерінің шұғыл түрде сол жерге кеткенін хабарлады.
«Басшылық бұл ұйыммен келісімшартты бұзу мәселесін қарастырады. Қазіргі уақытта балалар үйлеріне жеткізіліп жатыр, жақын арада мектеп оқушыларының болуының бекітілген ережелерін қатаң сақтай отырып, лагерьлерге жіберіледі», — деп ведомстводан.
Айта кетерлігі, барлық балалар лагерьлері жұмысқа кіріспес бұрын эпидемиологтардың қорытындысын алады. Міндетті тармақтардың бірі — жатын бөлмесіндегі орындардың саны бір балаға төрт шаршы метр есебінен беріледі.