Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:50

Бауыржан Артықов «Батыс» өңірлік қолбасшылығының басшысы қызметінен босатылды

Бауыржан Артықов
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысын қызметінен босатты.

«Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Артықов “Батыс” өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды», — делінген хабарламада.

Бауыржан Артықов бұл қызметті 2024 жылдың ақпан айынан бері атқарып келген. Бұған дейін ол Қазақстан Қарулы күштері Бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментін басқарған.