Бауыржан Байбек бізге қандай мұра қалдырып кетті?

Байбектің «мұрасы» – «автобустар зираты» металл сынығы ретінде сатылымға шығарылды.
573 көлік құралы, жарамсыз деп танылып, металл сынығы ретінде бағаланып, жалпы сомасы 93,3 млн теңгеден астам бағаға саудаға шығарылды.
Электрондық сауда алаңының сайтында жарияланған мәліметке сәйкес:
«Нысан сипаттамасы: 573 дана көлік құралынан тұратын мүлік, металл сынығы ретінде бағаланған. Орналасқан жері – Алматы облысы. Сатылымға шығарылған мүліктің тізімі қоса беріледі. Саудада жеңімпаз деп танылған қатысушы сатып алынған мүлікті 60 күн ішінде өзі әкетуі тиіс. Қажет болған жағдайда көліктерді металл сынығына дейін бөлшектеу Продавецтің аумағынан тыс жерде, жеңімпаздың есебінен жүргізіледі.
Сауданың бастапқы бағасы 93 314 747 теңге болған. Қатысу үшін кепілдік жарна көлемі 13,9 млн теңгеден асқан. Сауда 3 маусымда басталған және материал жарияланған сәтте мәміле аяқталған. Сатылым нәтижесінде автобустар 160 332 109 теңгеге өткен.
Айта кетейік, түпнұсқа мәтінде кеткен қателік бойынша бастапқыда көрсетілген 106 332 109 теңге орнына нақты сома 160 332 109 теңге екені кейін нақтыланды.
Инвентаризациялық құжатта бұл автобустардың 2018 жылы сатып алынғаны көрсетілген.
Еске салсақ, 2023 жылдың 4 қыркүйегінде «Алматыэлектротранс» ЖШС мемлекеттік келісімшарттар аясында Айдын мен Гаухар Омаровтарға жүздеген миллион теңгені тікелей келісім арқылы төлеген еді. Бұл – жұрт арасында «автобустар зираты» деп аталып кеткен, Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек тұсындағы ықтимал сыбайлас жемқорлыққа қатысты жобалардың бірі.
Аталмыш зират 2025 жылға дейін жойылады деп уәде етілген. Алайда 2024 жылы 6 ақпанда Алматы маңында тағы бір «автобустар зираты» табылғаны белгілі болды.
2025 жылдың 11 мамырында Бауыржан Байбектің отбасы мүшелері Елдос Қоспаев басқарған ұйымдасқан қылмыстық топпен байланысы бар деген күдікке ілінгені туралы ақпарат тарады.
Бауыржан Байбек Алматы қаласының әкімі қызметін 2015 жылдың тамызынан 2019 жылдың маусымына дейін атқарған болатын.