Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:35

Бауыржан Байбектің әкесі Ақмола облысында ірі тау-кен байыту комбинатын іске қоспақ

Қыдырғали Байбек
Фото: Жас Алаш коллаж

Qazaq Kaolin компаниясы 2026 жылғы шілде айында Ақмола облысы, Зеренді ауданындағы комбинатты (ГОК) пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Жоба туралы аймақ әкімдігі хабарлады.

Qazaq Kaolin компаниясына екі қазақстандық — Қыдырғали Байбек (Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбектің әкесі) және Бекзат Керімбай иелік етеді. Бекзат Керімбай – Aray Media Group корпоративтік қорының басшысы.

Құрылыс соңғы кезеңде тұр. Негізгі ғимарат, лаборатория және техникалық бақылау бөлімінде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталған. Ішкі және сыртқы инженерлік желілер, газ жүйелері мен автоматтандыру орнатылып, жоғары технологиялық жабдықтар жеткізілген. 

Жобаға жалпы инвестиция мөлшері жарияланбағанымен, әкімдік мәліметі бойынша компания энергетикалық инфрақұрылымды жаңартуға 650 млн теңге салған. 

Айта кетейік, Алексеевское кен орны — әлемдегі ірі каолин кен орындарының бірі. 1979 жылы бұл жерде Кеңес одағы деңгейінде тау-кен байыту комбинаты іске қосылған, жылына 200 мың тонна каолин өндірілген, бірақ 1996 жылы жұмыс тоқтатылған.