Бауыржан Байбек Түркістан облысының шалғай ауылдарын аралады

27.02.2020, 18:20

3

«Nur Otan»партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбекбірнешекүн ішінде Түркістан облысының Созақ, Отыраржәне Жетісай аудандарының шалғай ауылдарының тұрғындарымен кездесті.

Жетісай ауданында Бауыржан Байбек Абай ауылыныңтұрғындарымен жүздесіп, олар үшін аса өзекті болып отырған егіс алқаптарынсуару мәселесінің мән-жайына қанықты. Мұнда бірнеше жылдан бері 2600-ден астамшаруа қожалықтары пайдаланатын К-30 суару каналын қайта қалпына келтіру аяқталмайкеледі.   

«Тұрғындар айтқандай, каналды бетондау жұмыстарымерзімінен кешіктіріліп, көбінесе сапасыз жүргізіледі. Аталған мәселе, орталық,және жергілікті атқарушы органдар жұмысын үйлестіруді қажет етеді. Шаруақожалықтарының басшыларымен бірге мақта индустриясын дамытуға мемлекеттікқаржылай көмек көрсету мәселесін де көтердік. Бұл мәселелерді елордадапартиялық алаңда партия мүшелері – ауыл шаруашылығы және табиғи ресурстарминистрлерінің қатысуымен егжей-тегжейлі талқылауды жоспарлап отырмыз.Қорытындысын тұрғындарға  қосымшахабарлаймыз», – деп жазды Бауыржан Байбек өзінің Instagram парақшасында.

Бұдан кейін партия төрағасының Бірінші орынбасары Отырарауданының Шәуілдір ауылына ат басын тіреді. Мұнда бұрын 300-ден астам отбасыжылу мәселесіне байланысты «Nur Otan»-ға хабарласқан болатын.

«Елбасының бастамасымен қолға алынған «Ауыл – Ел бесігі»жобасының аясында бүгінде еліміздің шалғай аудандарының түйіткілді мәселелеріншешу бойынша партия жүйелі шаралар әзірлеуде. Облыс әкімінің айтуынша, жақынарада бюджетті нақтылау кезінде жылу жүйелерін салу үшін 700 млн. теңгеденастам қаржы бөлінеді. Қазандықтың құрылысына қаражат бөлінген. Ауыл тұрғындарыкөтерген мәселені шешу «Nur Otan» партиясының бақылауына алынды», – деп атапөтті Бауыржан Байбек.

Түркістан облысына жұмыс сапары барысында билеуші партиябасшылығы Жетісай қаласындағы 1964 жылы салынған апатты жағдайдағы емхананыңорнына жаңадан бой көтерген қалалық емхананың ғимаратымен танысты. Тиістімедициналық жабдықтардың толық жеткізілмеуінен бұл нысан бірнеше айдан беріпайдалануға берілмей келеді. Жергілікті билік бұл мәселені таяу арада шешеміздеп сөз берді.

Сол күні Бауыржан Байбек Қазыбек ауылына да барып,облыстағы ізгі жүректі кәсіпкерлердің көмегімен баспанаға қол жеткізгенотбасылармен кездесті.

«Бақытты отбасы» партиялық жобасының аясында облыста қиынжағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсетуге бағытталған «Қамқорлық»қайырымдылық бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда.

«Жетісай ауданында әлеуметтік қолдауды қажет ететін 141отбасы тіркелген. Өңір басшылығының бастамасымен олардың әрбіріне «NurOtan»-ның мүшелері мен жақтастары арасынан кураторлар бекітілді. 86 отбасығаматериалдық көмек көрсетілді. Демеушілік қаражаттың есебінен 10 мұқтаж отбасығаүй салынып жатыр.

Менің ойымша, бұл – даңқты бабамыз, ұлы философ, ойшыләл-Фараби тұжырымдаған ізгі және қайырымды қоғамның нақты мысалы.Ынтымақтастық, әділдік, өзара сенім және жауапкершілік, әлсіздерді қуатты,жағдайы жоқты ауқатты адамдардың қолдауы – «Nur Otan» партиясы ұстанатын өзгермесбасты құндылықтар», – деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Еске сала кетейік, Елбасы тапсырмасы бойынша «Nur Otan»партиясы бірнеше айдан бері Үкіметпен және өңірлік филиалдармен бірлесе отырып,алдағы 5 жылға аудандарды, қалаларды және облыстарды дамытудың жаңабағдарламасын әзірлеп жатыр. Аталған бағдарламаларда әрбір жекелеген өңірдіңжергілікті ерекшеліктері ескеріліп, азаматтардың нақты қажеттіліктері көріністабатын болады. Осы жұмыстардың аясында «Nur Otan» партиясының басшылығыеліміздің барлық өңірін, тіпті шалғай елді мекендерін де аралап шығады. Бүгінгішаралар аяқталған соң Бауыржан Байбек бірден Қызылорда облысына жұмыс сапарыменжол тартты.



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Ахметовтің кадр саясаты ақсай бастады
    21:08
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13