Бауыржан Момышұлының портсигары

07.05.2020, 14:04

12


 Ауданнан шыққанқос батырдың бірі, «Даңқ» орденінің толық иегері Бейқұтбай Дембаев атамыздыңкөзі тірі кезінде ол кісінің үйіне жиі баратын едім. Көңілді кезінде, үйге қонақтаркөбірек келіп, қолқалаған шақта ол кісі әңгіме тиегін ағытатын. Әйтпесе соғыстуралы көп әңгімелей бермейтін. «Соғыс туралы айтыңызшы» дегендерге «Әй,соғыстың несі қызық, оны енді адам баласының басына бермесін», – деп орнынантұрып кететін. «Одан да бейбіт күннің бір қызық оқиғасын, халық батыры, атыаңызға айналған Бауыржан Момышұлымен қалай кездескенім туралы әңгімелепберейін», – деді бірде Бейқұтбай ата портсигардан (темекі салғыш) темекісіналып жатып. Портсигарды ерекше ықыласпен сыйпап қойып, «Бауыржанның көзі ғой»,– деді. Бұл сөз қасында отырған тыңдаушыларды одан сайын қызықтыра түсті. Жеңісмерекесі жыл сайын ерекше атап өтіледі. Анам жеңіс оңайлықпен келмегенін, бұрынмектепте өздеріне соғыс ардагерлері де сабақ бергенін айтып отырады. Бізсоғыстың, Отан қорғаудың қиын болғанын кітаптан оқып, кинолардан көріп жүрміз.Менің атам Сүйімбек Үйсінбаев сол соғыста от пен оқтың арасында болғанын әкемайтып берді. Атам 1942 – 1945 жылдар арасында Ресейдің Сталинград қаласындасоғысқа қатысқан. Атам немістерге пулеметпен оқ жаудырып, жауды артқа қарай қуалаған.Атам Сталинград қаласында жеңісті ерлікпен қарсы алған. Жеңістен кейінСталинград қаласын тазалауға өз үлесін қосқан екен. 1952 жылы туған жерінекелген соң да қарап отырмай, колхозда еңбек етіпті. 51 жасында дертке шалдығып,қайтыс болған екен. Бізге алып берген жеңістің қызығын көре алмаса да, бізұрпақтары көріп келеміз. Ауылымызда саябақ бар. Сол жерде Ұлы Отан соғысынақатысқандарға арналған мәр – мәрден ескерткіш орнатылған, таста атамның аты –жөні жазылған. Бейбіт өмірдегі бақытты балалық шағыма дән ризамын. Меніңатамның жасаған ерліктерін естігенде қуанып, мақтанғаннан төбем көкке жетті.Нұрәділ ҮЙСІМБАЙ, №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының 3 «А»сынып оқушысы, Меркі ауданы, Жамбыл облысы, – 1970 жылдардың басы еді, – дегенБейқұтбай ата портсигарды тізесіне қойды. – Ол кездері де ардагерлерге дегенқамқорлық күшті болатын (өткенді жамандай берген жараспайды, шындықты айтқандұрыс қой). Сондай қамқорлықтың арқасында Сарыағаш сауықтыру орнына берілгентегін жолдамамен осы демалыс орнына келдім. Екі кісілік бөлмеде бір орысазаматының қасына орналасып, екеуміз тамаққа да, емге де, қыдырысқа да біргешығып жүрдік. Бір-екі күн өтпей-ақ, кешкі бір қыдырыста қасымдағы орыс жігіті:– Жүріңіз, анау әңгімелесіп отырғандарға баралық, орталарында отырған мұрттыкісі Бауыржан Момышұлы, – демесі бар ма. Топқа жақындай келе:«Ассалаумағалейкум!» деп, ең алдымен Бауыржанның қолын алдым. Шашы да, мұрты даедірейген, сұсты болғанымен, сымбатты адам екен. Қолымызды алды да, әңгімесінары қарай жалғап кетті. Біраздан кейінгі сәл бөгелісте маған бұрылып, жөнсұрады. Келген жерімді, руымды, ататегімді айтып беріп едім, «Әй, сен ағабаласы албан болдың ғой», – деп, ерекше ықыласын аударып, «кел, әңгімеңді айт»деген соң, өмір жолымды бастан-аяқ баяндап бердім. 1939 жылы әскер қатарынаалынып, фин соғысына, одан кейін Ұлы Отан соғысына қатысып, елге соғыстан кейінбір жылдан соң оралғанымды, өзімнің «Даңқ» орденінің толық иегері екенімді,сұрағына орай, әңгіме үстінде толық жеткіздім. Содан кейін-ақ «міне, нағызбатыр, халық қаһарманы, аға баласы» деп, маған ерекше құрмет көрсетіп, қасынантастамайтын болды. Баукеңнің осында демалып жатқанын естіген ел-жұрт қой сойып,басын асып, сый-сияпатын жасап, жиі келіп жатады. Ондайда Баукең: «Батаны ағабаласы жасасын», – деп, мұндай сый-сияпаттан мені қалдырмайды. Келгендерге«міне, нағыз батыр – осы» деп таныстырып жатады. Осының өзі-ақ Баукеңніңкісілігін, кішіпейілділігін айқын аңғартып тұр емес пе!? Өз даңқы бүкіл елге,тіптен шетелге де жайылып кеткен адамның қарапайым мені «батыр» деп таныстырып,құрмет көрсетуі не деген кісілік, адамгершілік десеңізші! Қайран Баукең, сондайалыптығымен екі адым ақымға қалай сыйып жатыр екен? – деген Бейқұтбай атаныңкөңілі босап, даусы өзгеріп кетті. Портсигарды ерекше ықыласпен сипап отырып,одан темекі алып тартты. Сөйтіп, Баукеңмен демалыс мерзімі біткенше біраздәмдес, тұздас болдық. Ал қоштасарда Баукең осы портсигарды сыйлап еді. Әңгіметыңдап отырғандар кезекпе-кезек портсигарды қолға алып, Бауыржан Момышұлыныңкөзіндей болған дүниені ықыласпен ұстап көрдік.

СерікбайБАБАШЕВ,

зейнеткерұстаз Талғар ауданы

 Алматы облысы

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

11.08.2020, 13:22
Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар
07.08.2020, 12:39
Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ
06.08.2020, 13:36
«Біздің әкім белсенді»
04.08.2020, 13:05
Диқандар неге ашулы?
30.07.2020, 13:14
«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті
29.07.2020, 13:57
Алматыда құрбандыққа шалынған мал етін мұқтаж жандарға жеткізу ұйымдастырылады

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16