Бүгін, 08:15
Баварияда көлік жаяу жүргіншілерді соғып кеткен

7 маусымда Германияның Пассау қаласында Mercedes көлігі жоғары жылдамдықпен жаяу жүргіншілер тобына соғылған. Оқиға теміржол вокзалы жанындағы Грюнауштрассе көшесінде болды.
Көлік жүргізушісі – 48 жастағы ер адам – ұсталды. Полиция оқиға әдейі жасалған болуы мүмкін деп отыр.
Жараланғандардың ішінде жүргізушінің әйелі мен бес жасар қызы бар. Қазір зардап шеккендердің нақты саны анықталып жатыр, бірақ кем дегенде үшеуінің жағдайы ауыр.
Отбасы Ирак елінен келген.
Айта кетерлік жайт, осыдан бір ай бұрын Ливерпульде көлік футбол жанкүйерлеріне соғып, кем дегенде 47 адам жарақат алған еді. Ол кезде оқиға мерекелік парадта болған.