Байден елдің ядролық стратегиясына өзгерістер енгізілетінін жасырын түрде мақұлдады - NYT
АҚШ президенті Джо Байден наурызда елдің ядролық стратегиясына өзгерістер енгізілетінін жасырын түрде мақұлдады, деп жазады New York Times басылымы.
АҚШ ядролық қаруы бар үш елден - Ресей, Қытай және Солтүстік Кореядан арадағы келісімге қарамастан қауіп-қатер төнуі мүмкін деп есептейді. Сондықтан Вашингтон бұл мәселеге Мәскеуден гөрі дайын болуы керек, деп жазды басылым.
Алайда New York Times бұл ақпараттың қайдан алынғанын көрсетпейді. Оның мәлімдеуінше, «Ядролық қаруды қолдану жөніндегі нұсқаулық» (Nuclear Employment Guidance) аса құпия, сондықтан оның электронды көшірмелерін жасауға тыйым салынады.
Дегенмен, стратегиядағы өзгерістер туралы орта деңгейдегі әкімшілік шенеуніктер айта бастаған. Оларға бұл сөз тіркестерін айтуға арнайы рұқсат берілген. Осылайша, маусымда Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің директоры Пранай Вадди жаңа стратегия «Ресейді, Қытайды және Солтүстік Кореяны бір уақытта ұстау қажеттілігіне баса назар аударатынын» айтты.
Президенттік мерзімі аяқталғанға дейін (2025 жылдың 20 қаңтарында) Байден Конгреске стратегияның өзгеруі туралы ашық хабарлама жібереді деп күтілуде және онда страегиялық өзгерістер туралы бұрынғы немесе қазіргі шенеуніктердің айтқандарынан гөрі егжей-тегжейлі баяндалады, деп жазады NYT.
1940 жылдардан бастап америкалық ядролық стратегияның негізгі бағыты Кеңес Одағы мен Ресейден келетін қауіп болды. Себебі КСРО Америка Құрама Штаттарымен теңесе алатын ядролық арсеналға ие жалғыз ел болды.
Дегенмен, соңғы жылдары Қытай мен Солтүстік Корея ядролық қару қорын жылдам көбейте бастаған. Сонымен бірге олар бұл қаруды шектеу туралы келіссөздерге барғысы келмейді. Ал, ядролық қаруды бақылаудың халықаралық режимі соңғы жылдары ыдырап кеткені айтылуда.
Бұл елдерде бар ядролық оқтұмсықтардың саны туралы есеп беру тетіктері жоқ, бірақ Пентагон Қытай 2030 жылға қарай 1000 және 2035 жылға қарай 1500 ядролық оқтұмсықтарға ие болады деп есептейді. Бұл АҚШ пен Ресейдің арсеналдарындағы санға жақын. Дереккөздер New York Times газетіне Қытай бұл кестеден де алда болуы мүмкін екенін айтқан.
Ал, Солтүстік Кореяда, америкалық есептеулер бойынша, қазір 60-қа жуық ядролық оқтұмсық бар.