Байден Клинтонға, Соросқа және Мессиге президенттің бостандық медалін табыстады
Байден Клинтонға, Соросқа және Мессиге президенттің бостандық медалін табыстады.
АҚШ президенті Джо Байден Американың ең жоғары азаматтық марапаттарының бірі саналатын Президенттің Бостандық медалімен 19 адамды марапаттады. Ол лауреаттарды «Америка мен әлемді жақсартқан ұлы көшбасшылар» деп атады.
Сыйлықты бұрынғы Мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон, кәсіпкерлер мен филантроптар Джордж Сорос, Тим Гилл және Дэвид Рубенштейн, антрополог Джейн Гудолл, футболшы Лионель Месси мен баскетболшы Мэджик Джонсон, музыкант Боно, актер Майл Джей Фокс және басқалары алды. Олардың ішінде Дензел Вашингтон, журналист және медиа менеджер Анна Винтур, сәнгер Ральф Лорен сияқт ы атақты адамдар да бар.
19 адамның төртеуі медальді қайтыс болғаннан кейін алды. Оларға 1968 жылы қастандықпен өлтірілген бұрынғы Бас прокурор Роберт Кеннеди; 1973 жылы қайтыс болған азаматтық белсенді Фанни Лу Хамер және 1979 жылы қайтыс болған Барак Обаманың қорғаныс министрі Эштон Картер.