14:50, 01 Қараша 2024
Байқоңыр айлағында француз және неміс азаматы ұсталды
Байқоңыр ғарыш айлағы маңында зымыран тасығышты суретке түсірмек болған Франция мен Германияның екі азаматы ұсталды.
Shot телеграм каналының хабарлауынша, екі ер адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген. 21 жастағы француз Аксель Оливье Роберто Гуйено мен 26 жастағы неміс Джулиан Карл-Юрген Поренцке қатысты (қандай бап бойынша бұл туралы хабарланбаған) әкімшілік хаттамалар жасалған.
Кейінірек Еуропадан келген туристер ғарыш айлағына рұқсатсыз кіргені үшін бір тәулікке қамауға алынғаны белгілі болды. Қызылорда облысы прокуратурасының мәліметінше, олар елге «саяхаттап келіп, кейіннен «Энергия» зымыран тасығышын көруге барған".
Олардың үстінен Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 20.17-бабына сәйкес хаттамалар жасалған.