Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:46

«Бәйтерек» басшысы Тоқаевтың сынына жауап берді

Рустам Қарағойшин
Фото: ашық дереккөз

«Бәйтерек» холдингтік компаниясының бас директоры Рустам Қарағойшин президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан сынға түсініктеме берді.

Қарағойшин президенттің сөзімен келіспейтінін, «Бәйтеректе» ешкім босқа отырмайтынын айтты. Оның айтуынша, компания қызметкерлері үнемі жұмыс істейді, кейде тіпті күтілгеннен де артығын атқарады.

Өзінің де әрдайым кеңседе болатынын атап өткен бас директор қызметкерлердің іскерлігі мен жауапкершілігін жеткізді.