Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:06, 18 Сәуір 2020

Bek Air АҚ әуе кемесінің сертификатын қайтарылды

Қазақстанның авиация әкімшілігі Bek Air АҚ әуе кемесініңсертификатын қайтарды, — деп хабарлайды  Азаматтық авиация комитеті.

«Қазақстан Республикасының әуекеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Заңның 12 бабының5-тармағына, 16-9 бабы 2-тармағының 10 тармақшасына сәйкес, «Қазақстанныңавиациялық әкімшілігі» АҚ жіберген бұзушылықтарды жою туралы нұсқаулардыорындамауына байланысты Bek Air АҚ-ның пайдаланушы сертификаты кері қайтарыпалынды. Сондай-ақ, Bek Air АҚ-ның 9 Fokker әуе кемесінің ұшуға жарамдылығысертификаттары қайтарылды», — делінген хабарламада.

Мұның алдында «Қазақстанның авиациялықәкімшілігі» АҚ Бас көлік прокуратурасымен бірлесіп Bek Air әуе компаниясыныңқызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізгені хабарланған болатын. Нәтижесінде ұшу қауіпсіздігіне әсер ететінөрескел заң бұзушылықтары анықталды. Еске салайық, былтыр 27 желтоқсанда Алматыда Bek Air ұшағыәуежайдан ұшып шыққан бетте апатқа ұшыраған болатын. Бортта 98 адам болған еді.Әуе апатынан 12 адам қаза тапты.

 

Тегтер: