Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:39, 10 Ақпан 2020

Bek Air ұшақ соғылған үйдің иесін сотқа берді

Bek Air компаниясы ұшақ соғылған үйдің иесі Решет Қалибекті сотқа берді. Бұл жөнінде Tengrinews.

kz басылымы хабарлады. 

Үй иесі Решет Қалибектіңайтуынша, сотқа шақырту қағазы оған бір апта бұрын келген.

«Жақында BekAir маған сотқа бергені туралы қағаз келді. Енді ойлап отырғаным, неге жергерұқсат берген әрі сол жерге үй салуға рұқсат берген әкімдіктің үстінен емес,менің үстімнен арызданады? Енді мені кінәлі қылғысы келеді. 21 ақпанға сотқашақыртып отыр. Мен бастапқыда Bek Air компаниясының үстінен арызданғанмын. Аленді олар менің үстімнен арызданып отыр», — деп хабарлады Решет Қалибек.

Bek Air ұшағыбылтыр 27 желтоқсанда таңғы уақытта апатқа ұшыраған. Лайнер АлматыданНұр-Сұлтанға ұшып шыққан бетте құлдилап, әуежай қоршауынан асып, үйге соғылғанболатын. Ұшақ бортында 93 жолаушы мен экипаждың 5 мүшесі болған. Апатсалдарынан 12 адам қаза тапты. 

ФОТО ашық ақпарат көздерінен

Тегтер: