Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:56, 28 Желтоқсан 2019

«Bek Air» ұшақтары 10 қаңтарға дейін ұшпайды

Қазақстанныңавиациялық әкімшілігі  «Bek Air»авиакомпаниясының пайдаланушы және ұшу жарамдылығы сертификатын қолдануынтоқатты.

Яғни 2020 жылдың 10 қаңтарына дейін «Bek Air» ұшақатры ұшпайды. Бұлтуралы «Жас АЛАШ» Қазақстан азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметінесілтеме жасап хабарлайды.

Комитеттіңхабарлауынша апатқа ұшыраған Fokker-100 1996 жылыдың сәуір айында шығарылған.Яғни пайдалануда 23 жыл болған.

«Қазақстандық регистрда 2016 жылғы 26 тамызда тіркелді(куәлік нөмірі 940). Bek Air әуекомпаниясында барлығы 10 ұшақ бар. Қазіргіуақытта Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Bek Air әуе компаниясыныңпайдаланушы және ұшу жарамдылығы сертификаттарының қолданылуын тоқтатты. BekAir компаниясының пайдаланушы сертификаты ұшу қауіпсіздігі бойынша барлық мәселелертолық шешілгенге дейінгі мерзімге тоқтатылды», — делінген хабарламада.

Бүгінастанада Орталық коммуникациялар қызметінде Индустрия және инфрақұрылымдық дамувице-министрі Берік КАМАЛИЕВ Fokker-100 ұшағының апатқа ұшыра себебі 2020жылдың 10 қаңтарына дейін анықталатынын айтты. Апатқа ұшыраған ұшақ соңғы рет25 желтоқсан күні Атырау-Алматы бағытында рейс жасаған екен. Сондай-ақ,вице-министр «Қазақстан құқықтық мемлекет сондықтан да біз «Bek Air»компаниясының жұмысын мүлдем тоқтата алмаймыз. Fokker-100 ұшағын ұшудытоқтаттық. Ал қалған мәселені құрылтайшылар шешеді», — деді.

Фото: aviav.ru

Тегтер: