Бекен Исабаев. Қариялардың қойнында өстім

19.11.2019, 21:45

5

Бекен Исабаев ­– ел шежіресіне қанық. Абай төңірегіндегі ел аузындағыәңгімелерді бұл кісінің аузынан естудің өз ғанибеті бар. Кішкентай күніненАбайдың көзін көрген қариялардың, ақынмен замандас болған бай-бағлан,би-шешендердің үрім-бұтағының сөздерін естіп өскен Бекен Исабаев құймақұлақтығыменерекшеленген. Тіпті, кей кісілер бала Бекен үйге кіріп келгенде, айтып отырғанәңгімелерін сап тыяды екен. Себебі Бекен бір естіген сөзін ұмытпайды. Олқасиетін ел адамдары да жақсы білген.

Белгілі журналист Қасым Аманжол түсірген «Анық Абай» деректі сериалынанкөпшілікке жақсы таныс қария, көп жерге шығып, сұхбат та бере бермейді. Оданбері де 15 жылдай уақыт өтіпті. Биыл тамыз айында «Әдеби өлкетану» жобасыменСемей топырағына сапар жасап, ақсақалдың әңгімесін тыңдадық. Екінші рет қайыра барып,видео таспаға түсірген едік. Алдағы жылы тоқсанға толғалы отырған қарттың жадыбұрынғыша сайрап тұр. Тек кәрілік жеңген. Ұзақ әңгіме айтса, ентігіп, алқыныпқалады. Біз барғанымызда көңілімізге қарап, кеңдік көрсеткен. Кісілігінеразымыз.

Сол жолғы еңбегімізді бүгін назарларыңызға «Алдыңғылардың әңгімесі» ретіндеұсынудың реті келіпті. Бекен ақсақал Абай туралы сөздерге қалай тап болғанынбаяндайды. Ыбырайша, Шәкір, Майра сияқты қарттардың сөздерінен естігенінайтады. Абайдың жеке басының, отбасының, төңірегінің қызықты әңгімелері бар.Абай өлеңдерін жатқа оқиды. Оны арнайы жаттамаған екен. Өмір өзі жүрежаттатыпты. Абай ұрпақтарының тағдыры да сөз болады. Ақылбайдың әнін айтады.Шәкірдің жырын оқиды. Қазыналы қарттың құнарлы әңгімесін тыңдауға сіз де ерінбеңіз.

Сөйлеудің қазақы мәдениетін сақтаған қария аман болсын.  Әңгімені тыңдау үшін «Жас Алаш» газетінің youtube арнасына өтіңіз.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

25.12.2019, 23:45
Халық демократияға дайын
24.12.2019, 15:09
Есмұхан ОБАЕВ: Боранбаев - спонсор, Әшімбаев - көрермен, Әбдіхалықов - менеджер
09.12.2019, 17:38
Қазақ о бастан отбасылық басқаруға тәуелді болған
27.11.2019, 20:07
Уахит Шәлекенов: Шыңғысхан ешбір жерді өртеген жоқ (Видео)
05.11.2019, 22:40
Мәмбет Қойгелді. Өз жерімізге өзіміз иеміз бе? (Видео)
23.05.2018, 22:36
"Асекеңе күйеуге шыққаным қандай жақсы болған" (видео)

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04