Бекшиіннің болжамы, жанымызды шығарды

12.03.2020, 15:50

3

«Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі». Қазақстанныңбас санитары Жандарбек Бекшин «таяу күндері коронавирусқа біз де қарық боламыз»деген сыңайда мәлімдеме жасады. Тап бір қазақстандықтар 

соғыста жоғалған атасынасыға күтіп жүргендей сезіммен жеткізді-ау. Оның артынша сөз алған           денсаулық сақтауминистрі Елжан Біртанов «ведомство басшысының бұл сөзі тек ғалымдардыңболжамына сүйеніп айтылғанын, мұндай сценарийдің болмауы да мүмкін» екен деп жуып шайғансыды. Лайым, солай болсын.

     «Ғалымдардың болжамы» дегеннен шығады, австралиялықғалымдар зертхана жағдайында әлем оқымыстыларының екі аяғын бір етікке тыққан 2019-nCoVкоронавирусын өсіріп шығарыпты. Мельбурндағы Питер Дохерти атындағы институтмамандары жаңа вирустың бұл түрін бұрын ауырған адамнан алып, өсіріпті. Сөйтіп,оның адамға әсерін, антибиотиктерге сезімталдығын, ДНК-сын жақсылап зерттепті.

     Осы елдің тағы бір топ сарапшылары тәжтажалдыңбүкіл әлемге тигізуі мүмкін зардаптарын жеті түрлі нұсқамен талдап тастапты.  Математикалық модельдеудің «ең жеңіл» деген нұсқасыныңөзінде әлем экономикасы бұліндеттің кесірінен 2,4 трлн доллар жоғалтып, 15 млн адам көз жұмуы мүмкін екен.Бұл модель 1968-69 жылдардағы «Гонконг вирусының» нәтижесі бойынша жасалған. Ал«ең қауіпті» нұсқаға 1918-20 жылдардағы «Испан тұмауының» нәтижесі басшылыққаалынған. Ол уақытта әлемде 50 млн-ға жуық адам қайтыс болыпты. Мұндай жағдайда әлемэкономикасы 9 трлн доллардан айырылып, 68 млн-ға жуық тұрғын ажал құшады екен. СондықтанАвстралия ғылым академиясының профессоры Уорик МакКиббин «әлем елдері індетке қарсы бірлесе күш жұмсауыкерек» деген пікірде.

    Италиядакоронавирус эпидемиясы алапат жылдамдықпен тарап, 60 млн халық карантингежабылды. Бүгінде 10 мыңнан астам тұрғын қауіпті кесел жұқтырып, қайтыс болғандарсаны 400-ден асты. Коронавирустың кесірінен футболдан Италияда өтетінчемпиондар лигасының топтық кездесуіне барудан Испанияның «Хетафе» командасыбас тартты. Қытайда жағдай біршама тұрақтағанымен, ауырғандар саны 81 мыңнанасты. Оңтүстік Кореяда коронавирус әзірше 7500 адамды «тұзаққа ілді». Иранда дажағдай бақылаудан шығып барады. Коронавирус жұқтырғандар саны 7000-нан асса, қайтысболғандар 150-ге жетті. Батыс ақпарат құралдары «Иран билігі індеттің нақтытаралымы мен жұқтырғандар санын бүркеп отыр» дейді.

      Ресейдіңбелгілі тележүргізушісі Ксения Собчак та «билік коронавирус туралы нақтыахуалды елден бүркемелеп, құпия ұстап отыр» деп айыптайды. Қазірге дейін ресмимәлімет бойынша, солтүстік көршілерімізде індет жұқтырған 17 адам белгілі.

     Иран мен Ресейсекілді Қазақстан билігі де коронавирус туралы ашық ақпарат беріп, халықты дүрліктірмеудіжөн көреді. Өйткені біздің экономикамыз сырттан келетін импортқа қатты тәуелді.Өзімізден ештеңе шықпайды. Құдай бетін әрмен етсін, егер бізде қандай да бір қауіптіэпидемия басталса, тұрғындарды бірнеше айға жететін азық-түлікпен, қажеттімедициналық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге экономикамыз да, шенеуніктеріміз деқауқарсыз екені белгілі. Оны былай қойғанда, мыңдаған адамды оқшаулап,карантинге жатқызатын емдеу орындары да ұйымдастырылмаған. Онда қызмет көрсететіндәрігерлер мен медбикелерді қайдан табамыз? Бұл мәселе шешімін қалай табады? Өрісімізбен қонысымыз аралас жатқан мемлекеттер коронавирустан оңбай зардап шегіп жатқандабилік басындағылардың ешқандай әрекет жасамастан тып-тыныш отыруы  қайсыбір жылы Шымкентте 150 бүлдіршінге ВИЧинфекциясын жұқтырып алып, оны халықтан жасырмақ болған биліктің әрекеті еске түседі.Сондықтан қандай төтенше жағдай туса да, қатерлісі коронавирус емес,шенеуніктер мен биліктің немкеттілігі, жауапсыздығы болып шығуы мүмкін. Егер мұндайқауіп төнген жағдайда әлем елдері сауда-саттықты бірден тоқтатып, қақпасын тарсжабатыны анық. Ал билік осы жағдайды болдырмау үшін нақты ақпаратты бүркемей,жасырмай, әрекет етуге дайын ба?      ЖандарбекБекшиннің «наконец-то» деуінің астары осы сұрақтарға тіреледі.    

Қазір коронавирус індеті әлемнің 115 мемлекетіндетіркелді. Бір тәулікте бұл кеселді 5000 адам жұқтырып, жалпы, ауырғандар саны115 мыңға жетті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы эпидемияның біртіндеппандемияға айналып бара жатқанын айтып дабыл қағады. Ал біздікілер әлі дежайбарақат отыр.

Тоқтар Жақаш


"



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34