Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:15, 15 Желтоқсан 2021

Бекшин ковидпен күресте қай вакцина тиімді екенін айтты

None
None

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, биыл сәуірден бастап Алматы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті вакцинацияның толық курсын алғандардан, яғни екпе алғаннан кейінгі 42-45 күннен соң COVID-19-ға мониторинг жүргізді.

«Коронавирус инфекциясына қарсы екпе алған 980 мыңнан аса азаматтың 3 239-ы қайта ауырған, бұл — 0,33 пайыз. Вакцинацияның толық курсын алғаннан кейін Алматыда коронавирус инфекциямен сырқаттанушылық бойынша жағдай мынадай: „Спутник V“ — 0,37 пайыз, „Синовак“ — 0,19 пайыз, QazCovid-in (Qazvaс) — 0,17 пайыз», — деді ол.

Сондай-ақ, ол QazCovid-in екпесін салдырғандар арасында ауруханаға жату пайызы басқа препараттармен салыстырғанда айтарлықтай аз байқалатынын айтты.

«Бұл біздің елдегі пандемиямен күресте жақсы көрсеткіш. Отандық вакцинаны алғаннан кейін инфекциялық стационардың қызметкерлері ревакцинация үшін QazCovid-in-ді лайықты қорғаныс ретінде таңдағанын атап өткім келеді», — дейді бас санитария дәрігер.

Қорытындылай келе, Жандарбек Бекшин санитарлық талаптарды сақтау керек екенін еске салып, вакцинацияны кейінге қалдырмауға шақырды, өйткені тек ұжымдық иммунитет індетті тоқтататынын айтты.

Тегтер: