Бекшин КВИ науқастарын рұқсатсыз емдеп жатқан жекеменшік емхана туралы пікір білдірді

08.08.2020, 14:03

15

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус жұқтырған науқастарды рұқсат құжатынсыз емдеп жатқан «Талант және К» жекеменшік емханасына қатысты түсінік берді. 

«Біздің мамандар жарнамада мынандай хабарлама оқыған. Жарнамада «Талант және К» медициналық орталығы коронавируспен ауырған науқастарға медициналық көмек көрсетеді деп жазылған. Кез келген медициналық көмек арнайы лицензиясы бар медициналық ұйымдарда көрсетілуі тиіс. Егер оларда негізгі лицензия болса және емхана қосымша тағы бір қызмет түрін ашса, оның қосымшасы болуы тиіс. Қосымша мен лицензияны қалалық кәсіпкерлік басқармасы береді», — деді Бекшин.

Оның айтуынша, лицензия алу үшін санитар дәрігерлер, өртке қарсы бақылау қызметі, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ғимараттың барлық қауіпсіздік талаптарына сай екендігін растап, қорытынды шығаруы керек.

«Бұл медициналық ұйымда таза аймақ жоқ болып шықты. Яғни, қызметкерлердің денсаулығына қауіп төнеді. Санитарлық дәліздер, фильтр кабинеттері ұйымдастырылмаған. Кіреберісте температура өлшеу керек. Ол да емханада жоқ болып шықты», — деді Бекшин.

Бас санитар дәрігер «Талант және К» емханасында пациенттердің де, қызметкерлердің де қауіпсіздігі мәселесі оң шешілмегенін айтты.

«Егер ондағы адамдар індетті қайта жұқтыратын болса, оларға тіпті қылмыстық жауапкершілік қарастырылуы ғажап емес», — деді ол.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39