Бекшин "вирус ошағына" айналған жатақхана туралы: Тұрғындар карантин ережелерін бұзған

14.05.2020, 21:15

3

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин «вирус ошағына» айналған азаматтық авиация академиясының жатақханасында тұрған медицина қызметкерлерінің оқшаулау режимді сақтамағанын айтты. Бұған дейін өзге қаладан келген медицина қызметкерлері орналасқан Алматыдағы жатақханадан коронавирус табылып, ғимарат карантинге жабылған еді.

"(Жатақхана тұрғындары) бір-бірінің бөлмесіне қонаққа барып немесе кешке жақын жиналып, карантин ережелерін бұзған. Мұндай факті тіркелген және профилактикалық жұмыс жүргізу үшін мекеме жетекшілеріне ескертілді" деді Бекшин.

Жатақханада тұрған дәрігерлердің бірі Темірлан Тұрысбеков әйелінен коронавирус табылғаннан кейін бақылауға алынған. Ол ғимаратта санитарлық торап ортақ болғандықтан тұрғындардың оқшаулануына мүмкіндік болған жоқ деп санайды.

«Душ, дәретхана ортақ болды. Оны қолдану үшін кезекке тұратынбыз. Дәлізде кездесіп қаламыз. Ас әзірлейтін ортақ бөлмеде бәрімізге бір қазаннан тамақ салып беретін, әрқайсымыз бөлмемізге апарып жейтінбіз. Оқшаулану мүмкін емес. Оның үстіне вирус кез келген ортада өмір сүре береді» деді дәрігер.

Оқи отырыңыз: «Бізді бір қазанға тастады». Дәрігерлер тұратын жатақхана вирус ошағына айналды

Алматы маңындағы оқу орны жатақханасында тұрған дәрігерлер бұған дейін коронавирустың жаппай тарауына гигиеналық талаптардың сақталмауы және тұрғындарды дер кезінде басқа жаққа көшірмеу себеп болды деп айтқан еді. Алматы билігі жатақханаға дәрігерлер өз еркімен орналасқан және бұған дейін шағымданбады деп айтқан.

Қарай отырыңыз: Жатақханада вирус жұқтырған дәрігерлер Тоқаевқа шағынды (11 мамыр 2020 жыл).

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent data-persistent-browse-out> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title=«Жатақханада вирус жұқтырған дәрігерлер Тоқаевқа шағынды» data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b"> Жатақханада вирус жұқтырған дәрігерлер Тоқаевқа шағынды please wait <video poster=«gdb.rferl.org/1dabbf34-1131-4adb-b865-662ba6deda80_tv_w250_r1.jpg» src=«rferl-vh.akamaihd.net/i/Pangeavideo/2020/05/1/1d/1dabbf34-1131-4adb-b865-662ba6deda80,_mobile,,_hq,_fullhd,.mp4.csmil/master.m3u8» data-fallbacksrc=«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/05/1/1d/1dabbf34-1131-4adb-b865-662ba6deda80.mp4» data-fallbacktype=«video/mp4» data-type=«application/x-mpegURL» data-info=«Auto» data-sources="[{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/05/1/1d/1dabbf34-1131-4adb-b865-662ba6deda80_manifest.mpd»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/05/1/1d/1dabbf34-1131-4adb-b865-662ba6deda80_manifest.mpd»,«Type»:«application/dash+xml»,«DataInfo»:«Auto»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/05/1/1d/1dabbf34-1131-4adb-b865-662ba6deda80_mobile.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/05/1/1d/1dabbf34-1131-4adb-b865-662ba6deda80_mobile.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«270p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/05/1/1d/1dabbf34-1131-4adb-b865-662ba6deda80.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/05/1/1d/1dabbf34-1131-4adb-b865-662ba6deda80.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«360p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/05/1/1d/1dabbf34-1131-4adb-b865-662ba6deda80_hq.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/05/1/1d/1dabbf34-1131-4adb-b865-662ba6deda80_hq.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«404p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/05/1/1d/1dabbf34-1131-4adb-b865-662ba6deda80_fullhd.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/05/1/1d/1dabbf34-1131-4adb-b865-662ba6deda80_fullhd.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«1080p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null}]" data-lt-on-play=«1» data-lt-url=«livetracker.rfe.pangea-cms.com/counter.lt?PageType=4&RecordId=30605908&SiteId=5&r=2146151865&it=0&pd=20200511130100» webkit-playsinline=«webkit-playsinline» playsinline=«playsinline» style=«width:100%» title=«Жатақханада вирус жұқтырған дәрігерлер Тоқаевқа шағынды»> Get Adobe Flash Player Embed Бөлісіңіз
Жатақханада вирус жұқтырған дәрігерлер Тоқаевқа шағынды
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly /> /> width /> px height /> px /> The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/30605908.html» dir=«ltr» readonly />

No media source currently available

0:00 0:03:44 0:00 Жүктеп алу

Сейсенбі күнгі брифинг кезінде Бекшин Алматыда басқа қаладан келген дәрігерлер орналасқан тағы бір жатақхананың карантинге жабылғанын хабарлады.

Оның айтуынша, басқа қаладан келген 4 мыңнан астам медицина қызметкері 40 орын: 20 қонақ үйі және 20 жатақханаға орналастырылған. Инфекциялық, провизорлық, карантиндік стационарларда жұмыс істеген қызметкерлер қонақ үйге жіберілген, ал қалған қызметкерлер жатақханаға барып тұрған.

Алматы қаласы (1678) коронавирус жұқтырғандар саны бойынша республикада алда тұр. Мамырдың 10-ы күнгі дерек бойынша, қалада 607 медициналық қызметкерге коронавирус жұққан. Олар Алматыда коронавирус инфекциясы диагнозы қойылған науқастардың 38 пайызын құрайды.

Қазақстанда барлығы 5571 адамнан коронавирус табылған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34