Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:10, 29 Шілде 2024

Бектенов әкімдердің жұмысына KPI енгізілетінін айтты

р
Фото: primeminister.kz

Үкімет басшысы Олжас Бектенов тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту критерийі бойынша әкімдердің нақты жұмысына KPI енгізуді тапсырды.

Ол үшін «Отбасының цифрлық картасы» платформасы негізінде шұғыл және дағдарыс деңгейінен қанағаттанарлық және бақуатты деңгейге дейінгі бес санат бойынша барлық қазақстандық отбасының әл-ауқатына тұрақты мониторинг пен талдау жүргізілетін болады. Отбасылардың қанағаттанарлықсыз санаттан жақсаруға көшу динамикасына және керісінше көрсеткішке байланысты жергілікті атқарушы органдардың жұмысы бағаланады, делінген Үкімет хабарламасында.

Әкімдерге бұл құралды орта және ұзақ мерзімді шараларды жоспарлап, іске асыру үшін қажетті негізгі нұсқаулық ретінде пайдалану тапсырылды.

Мұқтаж отбасылардың өмірде қиын жағдайға тап болу қаупінің алдын алу мақсатында, сондай-ақ кедейлікті, жұмыссыздықты, халықтың жасырын жұмыспен қамтылуын азайту үшін оларды белсенді түрде анықтау қажет.