Бекзат Алтынбек. Қабылдау кестесі

25.11.2019, 02:08

9

Өзінен бетер мыжырайғанпортфелін қолтығына қысқан бұл кіріп келгенінде ол алдында жатқан әлдебірқағазға шұқшиып отырды. Оның үстеліне қиғаштай қойылған орындыққа ауырлаужайғасқанында аңдағаны – оқып отырғаны газет екен. Өткен апта хақындағы осындайапталықтар оң қолының тұсында қаланып тұр. Оның кең үстелінің тең жартысыналатын беттерді жылдам парақтай бастап, «Неге алдағы жұма туралы жазбайды екеносы бірден?! Бәрі белгілі ғой...», — деп іштей мырс еткенін бұл білмеді. Алыпдиірмен қалақтарындай желпілдеген парақтардан өзіне қорғаныш түзгісі келгендейме, қалай.

- Кхһыыыммм!

Директор өзіне қызықсызмәтіннен көзін алмай қойды. Қою да қайратты, көмірдей қап-қара шашы дудырап,тіпті табиғатында жоқ бұйра мінез үйреніпті.Есік-терезесі қымталған кабинеткесонша дүлей құйынның қайдан кіргені белгісіз.

- Саламатсыз бааа?? –деді бұл жолы мана тамағын күшене кенеген адам.

Бұл есендесу берісі «саламатсызба, жоқ па?» деген интонацияда, әрісі «саусыз ба, жындысыз ба?» деген сарындаестілді. Ұйпа-тұйпа шашын күректей алақанымен бір басып өтіп, басын көтерді.Бағанадан бері ми ұясын осынау сұрықсыз шаш қалыбы ауырлатып тұрған болсакерек, сірә.

— Ассалаумағалейкүм!– деп, серпілуге талпынды.

Қарсысындағы, дұрысықиғашындағы кісі кісімситіндердің қатарынан екенін есіктен енгендегі иісінен-ақсезді ме, әлде батпандай басқан адымынан болжады ма, кім біліпті. Өзін «Тоқта,Мұрат, сен оны әлі танымайсың ғой. Әуелі тыңдау – сенің парызың,» — деп қайрап,ойын жинақтамақшы.

— Иә, аға, назарымөзіңізде.

… Жоқ, жұмыс күні бұлай басталамаған еді. Дүйсенбі дүрмекті күн десек те,сағат тоғыздан он екі минут асқанда бастаған бүгіннің алғашқы қабылдауын ширығуне зерігу кешіп емес, бойына базбір қуат құйылғандай күйде тәмамдаған.

— Жолдасым үш жердежұмыс жасаған етін. Қазір екі жұмыста істейді. Белінен гырыйжа болып,таксабайтты тастады. Заботта ыстажы бар әм қолынан келеді деп жоғарылатқанетін, ыстанок, робыттарды кінөпкімен басқаратын қылып. Бақтадан келгенде үйдіңжанындағы мәгәзінде пеш жағады, қарын күрейді, жазда ауласын сыпырады. Біркісімен ауысып істейді.

Иее, айтайын дегенім ол емес етін. Көріп отырсыз, айы-күнім таянып отырмын.

-  Бір батыр келеді-аудүниеге!

— Әумиін, әумиін! Неғой… сосын… Бәрі жақсы, шүкір Аллаға… Осы уаққа шекті ишкімге қол жайыпкөргеміз жоқ… Тек қарыздарымыз...

— Көмек қолын созааламыз. Міндетті түрде.

— Әәп, іі,ыррақмеет… – деп абдырап қалды.

— Бірақ қолымыздыңұзындығы жеткенше ғана… Нешінші рет кішкентайлы болғалы отырсыздар, апатай?

— Құда қаласа,жетіншіміз.

— Әәп-бәрекелдее!Алла… сәтін салып… Алло, келіп кетші.… Иә, аман-есен қол-аяғыңыздыбауырыңызға алуыңызды нәсіп қылсын!

Жасыл жаулығының шетімен дымқылданған көзін сүртіп отыр.

— Қойыңыз, қойыңыз!Бұныңыз не?! Әлі біткен жоқ шаруа, ерте жылап отырсыз.

Есік қағылды.

— Да-да.

Босағада бақанға ұқсаған биік, сырықтай жіңішке жігіт көрінді.

— Шақырдыңыз ба,Мұрат Мақсатұлы?

— Шақырғам жоқ,шақырсам ет асуым керек болады. Айтшы, спонсорлардан кімдер бар қазір?

— Тап қазір ме?

— Тап қазір. Қазіртап. Қашып кетпегендер, қалғандар бізбен бірге. Біл соларды. Опшым, қаншаа?..Бес жүз мың қалай сізге, апатай?

— Бес жүүз?? – Жасыелуге келіп қалған әйел аузы ашылған күйі ләм дегенше директор кідірістікиіп-жарды.

- «Бес жүз» де.Керек! Неғұрлым тезірек болса, соғұрлым...

- Көпсінсе?

— Көпсінсе… қаншабере алады, сонша берсін. Шығайбайланса, өздерінің де әуселесін көрерміз кейін.Ортақ жобаларымыз бар ғой… Боссың. Ә, тоқта, тұра тұршы. Жандостың баласы…басқа жұмыс тапқан жоқ па, осы?

— Жоғаа, сол таппадығой әлі...

— Әй сол жарытыпіздеп те жүрген жоқ-ау осы. Жіберші маған. Қазір мына кісі шығады ғой екі-үшминуттан кейін, сол кезде кірсін.

— Жақсы. А, айтпақшы,Мұрат Мақсатұлы, не жөнінде қажет етіп отырмыз қаржыны?

— Мәшине аламын.Автобуспен қатынағаннан күннен-күнге мұрным жалпиып барады, надаел. Ең құрыса,иттің итақайы тебетін жаман «Жигулиге» бұт артайық.

Есік аузындағы жігіт сылқ-сылқ күледі кеп. Ал алты және бір баланың анасыаң-таң.

— Серік, біз кейкісілер сияқты емеспіз. Жатарда аяқ-қолдарыңды байлатып, ауыздарыңды желімдетіпқой демейміз. – Анау қарқылдап күлсін кеп. – Әр сәби біз үшін бақыт.

Ұзынтұра көп ұзамай қайта кірді.

-  Баянда.

— Үшеуі ғана қалыпты.Оның біреуі тойхана салып жатырмын дейді, екіншісі той жасауға қамданып жатырекен.

- Оо, әәккеең!..Кешіріңіз, апатай. Не той?

— Тоқымқағарыбаласының. Пән олимпиядасынан үшінші орын қанжығалапты-мыс...

-  Оо, шетелден бе?

— Облыс.

-  Ха-ха-ха-ха!!! Үүй,үүһ, жарайды. Сосын?

-  Үшіншісі келісті.Үш жүз мың жіберетін болды.

— Ммм, ну жарайды.Құжаттарды ретте. Рәсімдерге мұқият бол, тексертіп ал маған.

Келесі болып Жандостың жалғыз ұлы кірді.

— Жұмыс таптың ба? –деді амандық-саулық сұрасқан соң.

— Жоо сол...

— Іздеп жүрсің беөзі?

— Иәә… Біраақ...

- Не «бірақ»?

-  Ақшасы аз.

— Ха-ха, не,қазіргіңде күреп тауып жатырсың ба?

— Жоо, еендіі...

— Аай, бала-аай!..Қандай жұмыстар табылып тұр? Алатын беті бар ма өзі?

— Баар, әрине. Біреуі– экономистің орны, біреуі – статистик. Екеуі де –шағын мекемелер, так себее…– деп бейне қолымен домалақ сапты, бөлмеаралық есікті аша алмай тұрғандай,дұрысы ашқысы келмегендей ишара жасады.

— Сен бала… бұлтүріңмен өмір бойы күзетші болып өтесің. Бұйырғанына тұрсайшы әуелі.Бірте-бірте одан да жақсысы кезігеді. Тәуір қызметкер болсаң.

-  Жоо, еендіі...

-  Бастық болғыңкеледі ғой бірден, білемін. Кімнің болғысы келмейді. Сен бүйт, бүгін меніңжұмысымды көр көзіңмен. Күні бойы кабинетімде отыр, жанымда. Ұнаса – замымболасың, ұнамаса – кетесің.

— Нуу… ладно, ок.Бірақ, Мұрат аға, бір айналып келейінші. Шұғыл шаруам бар еді.

*  * *

— ЕртеңЖандостыңбаласыжұмыстаншығады. Жаңағы әйел адамныңкүйеуін аламыз орнына.

— А-ы...

— Үндеме, алдырта берқұжаттарын. Келесі кім, кірсін.

Әлқиссада ақ жағалы, көкгалстукты жас жігіт есікті ашып, базбіреуді күтіп тұрды. Директордың миында«Қай «үлкен кісі» келе жатыр екен бұл жолы?» деген ой жалт етіп, жоғалды.Жоғалған себебі, қоларбаны тетікпен жүргізіп, бағасы анау-мынау емес пиджаккиген сақалды бейтаныс ішке енді.

- Ассалаумағалейкүм!Рұқсат па? – деп үстел тұсты нұсқады.

— Уағалейкүм ассалам!Әрине, жоғары шығыңыз, — деп, неге екені белгісіз, орнынан түрегелді. Сөйтсе,жас жігіт есікті айқара ашқанда-ақ атып тұрған екен. Өз қылығына іштей мырсеткен оның есіне қапелімде жалғыз ұлы келе қалды. «Еее, дүние-ай, үмітімсендее, балаам. Сен мендей болма...»

— Иә, аға, нендейшаруамен келдіңіз, айта отырыңыз. Қолсағатына көзінің қиығымен ғана қарап өтті.

— Сақалым болмаса,өзіңізбен құрдаспын.

— Хее, жақсы…«Денсаулығығыз қалай?» дей жаздап, кері қайтты.

— Қал-жағдайларыңызқалай? – деп бастады сақалды. – Сіз және ұжымыңыз жайлы көп естідім, оқыдым.Алла разы болсын сіздерге! Аты-жөнім Жайсаңбай Еділбайтегі болады, — деп қолынұмсынды.

— Танысқанымақуаныштымын. – Көмейі осылай дегенмен, көкейі бұл кісіге беретін көмек қаржысынқай қоржыннан қалай шығаратынын есептеп жатты.

- Иә, қалдарыңызқалай, Мәке?

— Соол… жағдай асаемес, шыны керек… Дәл қазіргі уақытта сыни халдеміз...

— Біз қолдаукөрсетуге әзірміз, Мәке. Дәл қазір де, алдағы уақытта да.

— Ә-і-ө – депсасып-пысқан Мұратқа лезде:

— Еш қам жемеңіз. Бәріжақсы болады, бұйырса, — деп жауап қатты.

— Түүу, Жәәкее…Алло, шай жасаңдаршы тездетіп. Менде, — деп іле-шала телефон арқылы тапсырмаберді.

— Ештеңеге әуреболмаңыздар, о не дегеніңіз, — деп саусағын арбаның тетігін басуға ыңғайлайберді. – Сіздердің жұмыстарыңыз көп, бізде де шаруа бар еді дегендей.

— Қатты асығыссыз ба,Жәке?.. Бір шыныаяқ… – деп қос қолымен әлі шай жасап үлгерілмеген үстелгеишарат жасады.

— Ренжімеңізші, көпрақмет! Бухгалтеріміз хабарласады. Алла жар болсын!

         *  * *

— Да-да!

— Рұқсат па, аға?

— Қайда жүрсің-ей!? Мамаңның шайын ішіп келдің бе?

Жандостың ұлы ірге бойы қаз-қатар тізілген көп орындықтыңшеткісіне отыра салды. 

— Стажеріміз ғой. Иә,аужеке, жалғастыра беріңіз.

Оның қарсысында отырған самайы мен қауға сақалын қыраушалған, көнелеу, бірақ мінсіз үтіктелген жейденің сыртынан жаңа деуге әсте ауызбармайтын желетке киген қария еді.

— Мүліксіз қалды сөйтіп. Ақша, киім-кешек,құжат, жиһаз – бәрінен айырылды. Қанша жыл тірнектеп, ақ-адал маңдай терменжинап-тергендерінің күлдісін, күлдісін тілсіз жау жалмады.

— Әттегене-аай…Қаап… Адам аман ғой өзі? Үйде ешкім болған жоқ па еді?

— Тәубәә, аманәйтеуір. Бірі – жұмыста, бірі балабақшада болған ғой. Астындағы көршініңпәтерінен шыққан өрт қой, сөндіреміз дегенше, баламдікін де типылдап тастаған.

— Бәрін айт та бірінайт, сіз үйде болмағаныңыз қандай әбүйір болған! Жастар бірдеңе қылып үлгеререді ғой әйтеуір.

— Өбүүу, балам-ау,мен ауылда тұрамын ғой.

— А?? Не дейт?? «Недейт» деппін ғой, кешіріңіз. Өздері неге келмейді бұнда?

— Олар күнұзақжұмыста… Жанда-жан сондай ғой бұл күнде...

— Бет-моншақтарыүзілмейтін тұста үзіледі десеңізші одан да, атаа!.. Жәә, пәтердің күйі жөндеугекөне ме өзі?

Осыдан соң екеуінің әңгімелері айтарлықтай алысқа шаппай,Жандостың баласы ақсақалды аялдамаға шығарып салды.

— Серік, Еділбайтегініңқызметкеріне шығыңдар, дереу. Тоқта, бірінші, өртенген квартираны көр, иесіменжолық, сметасын жасаңдар. Қатырады-ей, кемпірі өлген шалды ауылда соқа басынсопитып қалдыруға қысылмайды, бізден көмек сұрарда ұялады. Енді сол кісініжіберіпті анооу қашықтан салпақтатып. Төрт, ба-қан-дай төрт бөлмелі пәтердейді. Бір-ақ баласы бар кішкентай, әкелері сыймай қала ма екен-ей сонда?Да-да!

— Өөөу, қа-лаайсың,Мұраат?!

Кеудесіне – спорттық киім, онымен күштеп сыңарлатыпклассикалық шалбар іле салған, шашының майына бауырсақ пісіруге жарайтын қысқабойлы жігіт ағасы тарпаң баса, құшағын құлаштай аша бұған келе жатты.

- Ееей, Боолбыыр,сенбісің?! Көрінбей кеттің ғой.

— Ботаник, сөйлемеші.Өзің келсең қайда қалдың баяғыдан? Қалайсыңдар, Серік?!

-  Серік, бізге кофеәкелтші. Көзі ұйқыда мынаның әлі әйтпесе, хе-хее.

— Рас ей, ұйқы жоқ,уайым көп.

— Неғылған бітпейтінуайым ол? А? Айтпақшы, нәрестеңнің бауы берік болсын, әй! Ұмытып барамын. Құттыболсын!

-  Еее… Кімненестідің?

— Фэйсбук аманболсын. Газеттен шығып кеткенсің бе, Болбыр?

- Еее… Қойшысоны...

— Кішкентайлы болғансайын жұмыс ауыстырасың сен осы, иә? Аай, достым-ай! Хе-хе-хе… Кәз, бірминут, алло, кезекте ешкім жоқ па? Жақсы, хабар беріңдер.

— Қызметтегі адамсың,Мұрат. Сондықтан көп созбай, бұйымтайымды айтайын. Қара күз түсті, білесің.

— Рас паа?

— Қойшы-ей, ха-ха-ха!..Ертең қатын шығады раддомнан, кішкентаймен. Көмір керек еді үйге… Неғыпжіберсейші… Доспыз ғой...

— Мен саған қаншақақсап жүрмін квартираға шық деп, көнбейсің, қыңыр неме!

Хош жұпары аңқып кофе де әкелінді.

- О, міне,бәрекелдее! Кофе іш, уайымдама, қазір бірдеңе қыламыз. Мынау нағыз кофе, сағантура қазір керек нәрсе. Ішіп ал.

— Кофе емес, басқашажазатынбыз, жарайды. Ооһ, түүуһ!.. Мықты екен-ей!.. – деп үш-төрт күннен бері алынбағансақал-мұртын сипады.

Директор өзінің орынбасары Серікке қоңырау соғып, бірнешенақты нұсқауларды тізді. Телефон тұтқасын қоя бергенінде есік қағылып,кабинетке Жандостың баласы енді. Мұрат айналасы минуттың ішінде екеуінтаныстырып та, досына жерүйді сату қадамының тиімділігі туралы үгіт жүргізіп теүлгерді.

— Квартира аласың,артылғанымен кредиттеріңді жабасың. Жақсы емес пе? Сөйт сен, көп сөздіқайтесің.

— Еее...

— Ұмытып барамын, ұлма, қыз ба?

— Қыз ғой тағы да...

— Жөнімен сөйлесейші.«Тағы дасы» несі?

-  Ұл керек қой маған,ҰЛ!!! Түсінесің бе сен??

— Түсінбеймін менсені, түсінгім де келмейді! Маған бер балаңды, менің қыз балам жоқ. Сөйт, керекемес қой саған!

— Қой-ей!..

— Не «қой»? Еее,бәсее… Жарайды, қуанғаны шығар, күдіктене бермейінші, сенейінші бір деп ем…Бәсее… Әйтпесе, екі жыл бойы татып алмаған адам… Сылтауың мықты екен,әңгіме жоқ! Дауа жоқ саған… – деп басын шайқап отырғанында көзі қолсағатынатүсіп кетті.

— Рақмет, Мұрат,сен-ақ ақылды бола берші. Көмектесесің бе, соны айтшы, кетейін.

— Менің де босбылшылға уақытым жоқ. Міне визитка. Осы кісіге барасың. Кәсібі дөңгеленіптұрған стоматолог, таныстары жетерлік әр салада. Өзі ендігі білетін де шығар...

— Жайсаңбайментаныстыру керек пе еді, Мұрат Мақсатұлы? Өз ойым жай ғана… – деген Серіктіңжартылай риторикалық сауалына ендігі ашуы тарқаған бұл:

— Стоматолог пененәйелі – осымен он үш жыл бойы бір қызылшақаның іңгәсін зар қылып тілепжүргендер… – деп астарлы жауап ұсынды. – Бізден бір мықты психолог сұрап едіғой, хе-е...

-  А??

— Иә, сондықтан, турамекенжай бойынша.

— Мәәссағаан!!..

*  * *

— Кешіріңіз, мәселеңізді қайталап айтыңызшы. Ойланыпкетіппін.

— Қай жерінен бастайын?

— Басынан. Түйініне жақын жердің басынан бастаңызшы.

Қылдай белі мен Қырымдай анары дөңестенген антикалықсымбат-мүсінді арқасынан келіп, қамти құшақтаған қою көк түсті пиджак түйме-саусақтарынайқастыра, шақтай қоныпты. Сол пиджактың фабрикадан-ақ теңі болып жаратылғанұзындау белдемше, аяғына биікөкше күздік етік киген, бағалы тастары барәшекейлер тағынған қыз өзіне тым сенімді. Сенімділігі сәт сайын артып, үстелгетөне түседі. Білегін айқастырып алған директор анау төнген сайын креслосыменқоса шалқая түседі.

— Жақсы, жақсы,түсіндім. Кешіріңіз, нешедесіз, қарындасым?

— Отыз үштемін. Үлкенкөрінемін, да ведь?

- Антым – осы, жиырмасегіз-жиырма тоғыз деп ойладым мен!

— Жалған айтасыз. Өтіріккешеберсіздер ғой сіздер. Еркектер бәріңіз сондайсыздар...

— Хе-хее, мейлі, отызжетідесіз дейік ал! Сонда да, бізді таңдауыңыз аса сәттті шешім емес,қарындасым. Басқасының бәріне көндім, бірақ туура осы қызметке біз лайықтыемеспіз. Тауып бере алмаймыз.

— Понимаю, вы небрачное агенство. И вообще в целом, мне не нравится само слово «брак». Вовсяком браке есть брак, ха-ха-ха. И вообще, почему я должна какому-то незнакомцу потакать всю оставшуюся жизнь!? Ивот я решила… Поначалу не знала куда обратиться… О Вас все хорошоотзываются. Говорят, что Вы никому никогда не отказываете.

— Жаңағы кофе керіәсер беріп жатыр-ау осы. Әйтпегенде мен сені ендігі жеті атаңнан бері ылдилайсыбап жатуым керек еді!

— Что Вы себепозволяете?! А ну-ка прекратите так со мной разговаривать!

— Алло, алыпкетіңдер, бол!

— Что Вы о себевозомнили!? Отпустите, я сама уйду! Буду жаловаться в суд!

— Прощайте! Болшы,болшы, не церемонься, Серік. Жандосович, көмектесші, ей!

«Өзі үшін бала туып алғысы» келетін кәрі қыздың айқайыалыстай бере бұл креслосына дүңк етіп отыра кетті. Сол қолымен қалың шашынұйыстырғыштай берген күйі оң қолымен әлдебір газетті өзінің алдына тастайсалды.

*  * *

— Иә, аға, назарым өзіңізде.

Басшыға қиғаштау отырған адам қолындағы кеңестікпортфелін орындығының аяғына сүйеп қойды да, баппен:

— Не жазылыптыкәзитте? – деді.

Есікке меңіреуқадалған директор ыңырығандай дауыспен:

— Дежавю, — деді. –Газет, теледидар, жарнама, жұмыс, үй – бәрі дежавю… Тіпті түстерім де...

- Не деп кеттің,балам? Түк ұқпадым.

— Жай әншейін, аға.Айтаберіңіз, — деп бетін салқын сумен шайғандай сергіп алды. – Құлағым сізде.

— Сен балам, меніасықтырма. Өзің мені танисың ба? – «Қалайша мені, мына МЕНІ танымайсың?!» дегенсыңайда нығыздады.

— Ә-і, жооқ,танымадым. Әкемнің досысыз ба?

— Ее, жастар,сондайсыңдар сендер… Мен Бөсербек Даңғазаев деген белгілі жазушы ағаңболамын!

— Жақсы, ендітанимын.

— Сен өйтіп неғылма.Жалпы асықпа негізі. Мен саған қазір бәрін әңгімелеймін. Мен мына өзіміздіңБәленше ауданының ардақты ақсақалымын. Құдайға шүкір, елге сыйлымыз.Шынашақтайдан шалдардың қасында, қолдарына су құйып жүріп, аңыз-әңгімелерінтыңдап өскенбіз біз. Ауданның әлімсақтан бергі тарихын, әрбір аң-құсын,кез-келген тау-тасын мына бес саусағымдай білемін.

«Де-жа-вю» деп ойлап қойып, қолсағатына қарады. «Бұл жолыанық дежавю!»

— Асықпа, балам.Шамалы уақытыңды бөл ағаңа.… Ауданда деймін, негізгі төрт ру бар. Бәріміз бірелміз ғой, төртеуін айтамын. Соның Түгенше деген руынанмын. Атам Мыңбірбизаманында атағы жер жарған шешен, елмен елді табыстырған бәтуалы бітімгерболған. Әкем Социал халық басқарған, сапқоз деректірі болған. Сондай бабалардыңұрпағы – маған ақындық, жазушылық қонды.

Тыңдаушысының назары өзіне емес, әлдебір басқа ноқатқатоқталып, кірпік қақпас мең-зең жағдайда отырғанын аңдап:

— Иә, бірді айтыпбірге кетемін. Ауданның шежіресін, тамырлы тауарихын түзгенмін. Өлкеміздің жүзжылдығына орай соңғы нүктесін қойып, тәмамдап отырғанмын. Менің кітабымды емес,қайдағы бір Жасталап Болашақ дей ме, бір боқмұрынның түкке тұрғысыз шимайыншығарып кеп жіберді. Мына жаңа әкім ғой, сырттың адамы. Руы – Бөтен.

Мұрат қою шашын саусақтарымен тарамдай берді. Үстеліндегізаттарды да олай бір, бұлай бір қозғай бастады.

— Иә, тоқетерінайтайын. Балам, сен көр. Қып-қызыл еңбек қой мынау дегенің. Көз майын тауысыпқанша жыл жазғаным, — деп бір бума қаттаулы қағазды директордың алдына қойды.Ол парақтап көріп еді, адамдардың аты-жөндері мен өмірбаяндары тізіліпті.

— Саған арнайылапбастырып әкелдім. Сенде қалсын, асықпай оқып шық.

«Бөсербек Даңғазаев. Таныс есім, хм...» деген ойдыңжетегіндегі басшының оңашалану ләззатын ендігі екпіндеп алған сөйлеушініңайқайы бұзды.

— Үүй, мына әкім –қырт барып тұрған!!! Ауданның басындағы айналдырған екі мектептің біреуіне солмектептің отыз жыл бойы деректірі болған жергілікті азаматтың атын берудіұсынғанмын, жооқ, алды да ай даладағы торғайлық Міржақып Дулатовтың атын сартеткізді-ей, есалаңдар!.. Алдыңғы әкім өзімнің бауырым еді, Түгенше руынан.«Бәленше ауданының құрметті азаматы» атағына да өтейін деп тұрғанмын. Мынаукеліп еді, бәрі қалды ғой жайына.

— Бөке, шынымен,сіздің еңбегіңіз орасан.

— Соны білмей жүрғой, көрмейсің бе.

— Өтірікке аздапшындықты араластырған құнды мәліметтеріңіз ең азы Түгеншелерге пайдалы болды,ол рас.

— Не деп кеттің,балам. Түк ұқпадым.

— Визиткаңыздықалдырыңыз, хабарласармыз, бәлкім...

— Бійзіткі жоқ менде.

Дәл осы сәттедиректордың миына «Бетпақ қызда бар визитка бұл кәрияда жоқ» екендігі асқанпарадоксалды ақпарат болып қабылданып, бойын тітірентіп өтті. Оның көзіне бейнеөзіне тартпай тентек болып өскен туған ұлына қараған әкедей аянышпен үңіліп:

— Телефоныңыздыайтыңызшы, аға, -деді.

Күлімсі иісі бар портфель ұзаған соң қарт өлкетанушыныңнөмірін «Кездесу» кафесінің иесіне айтты. Ол ата-бабасы туралы кітапжазғызбақшы ниетте еді.

— Серік, бүгінгіқабылдауыма жазылғандар бар ма тағы?

— Жоқ, осымен тәмам.

- Серікжан – Алғашрет «Серікжан» деп атағаны. – Осы сен нешедесің?

— «Отыздан асыпбарамын...». Хе-хее.

— Әлі бойдақсың, ә?

— Қырыққа шейін уақытже-те-ді.

— Бағанағы қыз қалайсаған? А?

— Жаман емес былай...

— Шыныңды айт, әй!Ха-хаа!

— ҒАЛАМАТ қой! Во!

— Міне визиткасы.«Асауға тұсау» сала алсаң – өзі де сендік.

*  * *

Ертеңінде Мұрат жұмысқа әдеттегісіненкеш келді.Барлығымен солғын ғана есендесіп, ешкімді өзінің атышулы сарказмымен түйремеді.Анда-санда кабинетіне кіріп-шыққан орынбасарының айтуынша, келушілерге асқансыпайылық пен ерекше этикет үлгісін көрсетіп отыр-мыс. Тіпті, түске шейін тіріжанға ұрыспады. Көп тапсырма да берген жоқ. Тек Серік қана екі мәртенұсқауларын алды. Бірінде – Жандостың ұлының өз еркімен жұмыстан шығу туралыөтінішін істерге тіккізіп, бұйрығын рәсімдетсе, келесіде – ағасының байланысдеректерін іздеттірді. Бастықтарының туған ағасы бар екенін біліскен жұрттаңғалысты. Екі ретте де айтқаны «Уақыт жоқ, уақыт, тез-тез бол! Кетуім керек»болыпты. Тағы бір айтқаны – «Жандостың баласы адам болсын деймін, әйтпесе онықуып отырғаным жоқ. Өзіне де ептеп ақыл кіре бастады-ау осы,» дегені.

Орынбасардың Мұрат Мақсатұлын тоғыз жылдан бері білемін,мұрат-мақсаттарын түгелдей танимын, менен жасырған мұңы болуы мүмкін емес дегенсенімділігі шайқалып, алаңдай бастады.

«Қажып жүр ме екен байғұс? Мына жұмыс кім-кімді дешаршатады ғой… Біздің істеп жүрген шаруаларды басқа ешбір мекеме тындыраалмайды. Бұл ойымды білсе, шеф сөгетін еді. Жо, рас қой енді, адам мойындаукерек қой өзінің мықты екенін!» Серік ойланып отырып, таңдайын қаққанын жанбаласы естімеді. «Ть-ть-ть, бірақ Мәкең басқаша ғой, шіркін! Болмысы бөлек қойжарықтықтың! Әй, адам ба өзі, рас?! Адам кейпіндегі періште емес пе екен, ей?!Әй, жоға бірақ, періштелердің тілі мұндай қыршаңқы болмас, ха-ха-ха-ха....»

Адамзатқа әммақұлықатқа күн жарығында қызмет қылатын періштелердің уақыты тәмамдалып,шарайна Жерде түн қараңғысында еңбек ететін періштелер Көктен түсетін екінтіуақытында бастығының есігін қақты. Бірден «Да-да!» дейтін директор үнсіз. Тағытықылдатты. Тым-тырыс. Сәлден соң айналып келіп жаңадан талпынып еді –өзгеріссіз. Ұрысынан қорықса да, бар батылдығын бойына сарқып, кілттенбейтұрған есікті аша ішке сығалады. Орнында жоқ. Үстел үсті – қыздың жиғанжүгіндей. Қызара батқан күннің сәулесі кабинетті күрең түстің реңдеріне бояпты.Қабырға сағаттың тырсылы ғана құлаққа шалынады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 18:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 21:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 21:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27