Бекзатым-ай...

07.04.2020, 13:33

8

 Ықылымнан солай. Күн артынан күндер өтеді.Ескі кетеді. Жаңа келеді. Қуаныш кернейді. Өкініш өзекті өртейді. Жан дүниеңежара түседі. Уақыт емдейді. Егер ол жазылатын болса, әрине. Ұйқы мен күлкіні арсызға балаған қазақ ажалы жеткен етжақынынан көз жазып қалғанда қамықса да, артынша сабырға жеңдіріп, тәубегекеледі. Күнтізбеге көз салған інілердің бірі «Егер тірі болғанда, Бекзат батырқырыққа толатын  еді, ә...» – дегенненкейін көңіл бұзылып сала берсін. Қаншама уақыт өткен арада… Жиырма жыл.  Әріптес әрі іні Аслан Қаженов саңлақСаттарханов туралы сұрайын деп оқталған екен. Тағы бір әріптес Қанат Базылхановорнынан ұшып тұрды. «Ол кезде елде едік. «Жас Алашты» оқимыз. Үш жиырманыұстатып, мақала берді. 2000 жыл, жиырмадағы жігіт. Жиырма жылдан кейін медальұстатқан Бекзат. Оған да 20 жыл болыпты. Есімде қалғаны, автор цифрлардыойнатады. Иә, шынында да, биыл қырыққа келеді екен». Жүрек одан сайын сыздасын.Ен далада құлазыған кейіпте едік. Жиырма жыл бұрын жазылған мақаланы ескетүсірген әріптесті тыңдап отырып, кеуде тұс тырналып жатты. Неге екенін қайдам,жақында ғана дүниеден өткен Сейілхан ағаны ойладық.

 «Диірменнің тасындай шыр айналған дүние»демекші, тура жиырма жыл бұрын біз де чемпион бауырды туған інідей көріп, ақылайтып, үлкендік танытып, үміт артып едік-ау. Бекзат былтыркүзде тағы да жолықты бізбен. Режиссер Мұрат Бидосов фильм түсірді. «Хабар»агенттігінің тапсырысы бойынша. Айтпақшы, шамамен бір жыл бұрын режиссерекеуміз әуежайда кездейсоқ ұшырасып, артынша бір ұшақпен Алматыға бардық. Қатаротырып, сол кезде көрермен көңілінен шыққан Бидосовтың жаңа фильмі –«Тасөткел» туралыпікір білдірдік. Туындысы ұнаған еді. Бізді тыңдаған Мұрат режиссер енді тыңнансөз бастады.

 – Бекзат Саттарханов туралы фильм түсірсек дейміз.Берер кеңес, ұсынар идеяң болса естуге дайынбыз.  Білгенімізді айттық.Бізден де жақсы білетіндердің аты-жөнін атадық. «Бекзат жайында фильм түсірілсеқандай керемет», – дедік тағы. Ол фильм түсірілді. Көпшілік оны көрді де.Бекзатты күзге салым неге іздедік? Енді соған келейік. Жабық көрсетілімнің біріелордаға белгіленген екен. Шақырту алып, кешігіп болса да бардық. Ресми өкілдертұсауын кесті. Сахна төріне Сейілхан ағам мен Сырлыкүл апамыз да шығыпты.Ауылдан арнайы келген беттері. Аға сөйлеп, апамыз қостады. Сосын фильмдікөрсетті. Келісетін, келіспейтін тұстарды жіпке тізгендей етіп санада байладық.Кино аяқталып, жұрттың бәрі сыртқа беттеді. Соң келген бұрын шығады демекші,біз ел шықпай жатып дәлізде тұрдық. Тұратынымыз – аға мен апаға сәлем беруімізкерек. Олар ұзақ айналды. Сұхбат берген шығар. Министрмен сөйлескен болар. Ендіекеуі бері беттепті. Қарсы жүрдік. Сол кезде Сырлыкүл апамның даусы бұзылып,«Аманкелді-ау, уақыт өтеді екен, дәурен кетеді екен, сені көрдім-ау, сені көріпБекзатым тағы еске түсті-ау, өзің де есімдесің үнемі, сөзің де есімде,  сен сүйінші сұраған күн қайда, жарығым-ау? Е,сен де сол күннен біздің шаңырақтың бір мүшесі секілдісің ау, айналайын-ай», –деп аңырауға жеткізбей,  арындап келіпбас салды. Бекзаттың қайтыс болғанын тап сол арада естігендей теңселдік деқалдық. Жұбату айту керек пе, жоқ өзіміз жұбатуға зәруміз бе, білмедік.  Іштей егіле бердік. Жылайтын жас жоқ. Көзалдымыз құп-құрғақ. Және бір  біз ғанаемес екенбіз. Сейілхан ағам құшағына қысқанда аңғардық. Қабырғамызды үгіпжібере жаздады. Ұлына деген сағынышы күшін тежеуге мүмкіндік бермеді, сірә. Тапбір менің қасымнан чемпион Бекзат шыға келетіндей. Көңіл айтып барғанымыздай,жібере бере ақырын ғана бала-шаға амандығын сұрады. Он тоғыз жыл өткені өтіріксекілді. Он тоғыз күннен кейін Бекзаттың әке-шешесін көргендей күй кештіксонда.

 Оймен, санамен, қиялмен өзіміз де он тоғызжылды аттап өтіп, 2000 жылдың көктеміне көшіп алдық. Бекзатты алғаш көргенкезіміз, оның құрамаға енуі-енбеуі жайындағы кеңес, жиындар. Айтылған пікірлер,қабылданған шешім. Талайдың самайын ақ шалды сол кезде. Жүйкесіне салмақ түсті.Өткен күннің белгісі байқала бермейді, негізі. Бекзаттың олимпиада жолдамасынжеңіп алған күні де есте. Бекет Махмұтовтың талдауы, жастар арасындағы әлембіріншілігінде жеңіліп қалған қарсыласының соңынан түсіп, Саттархановты әлгіқарсыласы қатысатын жарысқа тіркеп, Бекзаттың есе қайтарғаны ше! Сиднейгешығарып салғанымыз – бәрі-бәрі тізбектеліп қасымыздан әлде басымыздан өтіпжатты. Көріністі айтамыз. Кино біткелі не заман. Күйіміз осындай еді...

   … Сидней олимпиадасы басталғанда, анығыбастала бере, біз де күн мен түнді ауыстырып, күн-түн талғамай жұмыс істедік. Олимпиадағадайындық, спортшылардың жаттығуы, бықып жатқан тірлік көп еді. Сосын қайнағанқазанның отын көседік. Тікелей эфир басталды. Кезекті репортаждан кеш қайтып,сәл көз шырымын алып «Хабарға» қайта келсек, әріптес Федор Курепин жүр екен.Ерте тұрып көрмеген әріптестің таң бозынан арна табалдырығын аттауы тосынкөрінді. Біреуді іздеген секілді. Бізді көріп, қасымызға келді.

– Ал, айтшы, – деді ол, – айтшы, Қазақстанбоксындағы ең мықты кім?

–  Әрине,Ермахан!

–  Менсені спортты білетін маман деп сұрап тұрсам...

–  Әлемчемпионы Болат Жұмәділов, күрзі жұдырықты Мұқтархан.

– Жоқ,ей, қазіргі құрамадағы нағыз талант кім?

–  ОлжасОразалиев!

–  Ойбу,сен де бокс білмейді екенсің ғой. Кешегі түндегі жігіт ше?

–  Қайсы?

–  Өзіңжүргіздің ғой, не қарайсың сонда? Түнде таныстарыма телефон соғып, мына жігіттікөрдіңдер ме десем, не айтқың келеді деп жыныма тиді. Чемпион ғой, дайынчемпион. Не көресіңдер осы, сендер?

–   Қайжігітті айтасың?

–   Чемпионболатын! Аты-жөнін ұмытып тұрмын. Өзің де репортаж кезінде қатты мақтадың,талант дедің бе, жастар арасында чемпион бола жаздады дедің бе? Украинабоксшысын сабатты дедің бе? Махмұтов апарып төбелестірген бе?

–  Е,Бекзат қой.

–  Иә,Бекзат! Мықты екен, қандай өжет! Жиырмада дейсің, жігіт қой, ол. Жігіт секілдіайқасады. Айыл жиятын түрі көрінбейді. Туғалы олимпиада ойындарында жүргенсекілді. Абыржу жоқ, жүзінде қобалжу жоқ. Оған бәрібір секілді. Ринг егесі,Сидней рингінің егесі. Чемпион ол!

– Қайдам,ширек финалда Палиани күтіп тұр.

–   БаяғыРамзан ба? Түтіп жейді оны да, түте-түтесін шығарып...

–  Америкадан келген әлем чемпионы барсалмағында, былтыр Ньюстонда көрдік. Мықты екен. Рикардо Хуарес...

–  Оныда менсінейін деп тұрған жоқ. Бекзат жігіт екен, мұндай тегеурінді боксшыкөрмегелі не заман. Техникасы, тактикасы ғажап. Сені бәрін білетін сарапшы депсеніп, ерте келген менің де...

–  Дұрыс қой. Бірақ шындық деген де бар.Бекзаттың чемпион болуы екіталай.

–  Шыныққан құрыштай Саттархановты чемпионқылмайтын ол не  шындық?

  Федор жөнімен кете берді. Бізге ренжіп қалды.Курепин досымнан жасыратын да сыр болады. Білеміз ғой, ішкі кухняны. АнауРамзан өте мықты боксшы. Еуропада оған жететін спортшы жоқ, сол салмақта. Олғана ма, АІБА бас хатшысы Жанер Доганели. Төрешінің бәрі Жанерге жалтақтайды.Тіпті Палианиге жан баспай-ақ қойсын, көмектеспесін, Бекзат айқын басымдылықтанытпаса, бесіктен белі енді шыққан боксшыға анық апайтөсті жығып бермейді. Спорттаондай да бар. Мықтының беделі алатын кез де болады. Салмақтағы серкенің бірі –осы Палиани. Жоқ, еш қисынға келмейді. Бекзат нағыз талант. Бірақ оныңжарқырайтын кезі әлі алда. Афины! Міне, ол көрінетін кезең. Бұйырса, сол кездеСаттарханов олжа салады. Біздің мида тоқылған ой осы еді. Кейін білдік қой, спортшылармен бапкерлер елге оралғаннан кейін. Тіпті Ермахан да айтты:

–   Ширекфинал. Бәріміз күткен бір кездесу бар. Біздің Бекзат пен түрік Рамзанарасындағы бәсеке. Анығын айтқанда, Бекет аға мен Жанер бей үшін сын сағаты.Әнуар Чаудридің басы әбден қатқан шығар, не істеу керек екенін білмей.Сиднейдегі саяси рең алған жекпе-жектер арасындағы екі шиеленіске толы болғаныосы шығар. Бірінші вице-президент пен бас хатшының ықпалы мен беделі дежұдырықтасты ғой.

–  Бекзатөжет екен. Талантты шығар, бабында келгені анық. Бірақ мінез де қажет. Жүйкеніңберіктігі де сынға түсетін жарыс бұл, олимпиада, – дейді кейін бізбенәңгімелескенде Қазақстан бокс федерациясының өкіл әкесі Бекет Махмұтов. – Дәулетіздеп келіпті. «Аға, Бекзат үшін күресейік!» – сөзі осы. Күресу дегенде,төрешілерді тағайындауда  Жанердің ықпалыерекше. Мені аға санайды. Іні ретінде келіп, осы жекпе-жекті сұрады да.Чаудриге де айтқан көрінеді. «Ширек финалда жетеуі жүр ғой, бір қазақ жартылайфиналда кем болса ештеңе етпес. Жанер де әлемдік бокстың дамуына қомақты үлесқосып жүр. Өзіңе де айтқан көрінеді, не дейсіз, Беке?» – деді Әнуар дос. Үндемедім.«Елі, президенті медаль күтіп отыр екен». «Аса мәртебелі Чаудри мырза, жақсы айттыңыз-ау,сол ел мен елбасы менде де бар ғой. Олар мені қалай қабылдайды, мен ел бетінеқалай қараймын? Сіз мені түсінді деп ойлаймын». Солай дедік. Солай деуге туракелді. Ауызға сөз салып берген өзі. «Қиын болды-ау, – деді Чаудри дос, – өте қиын жағдайдақалдым, Беке. Таразының бір басында өзің, екінші жағында Жанер. Не істеуімкерек?» «Қиналмаңыз. Бәрін ринг шешсін, енді төрешілерді тағайындауды Доганелидіңөзіне қалдырайық», – дедім. Қуанып кетті. Жанер де келісті. Нәтижесінбілесіздер. Төрешілер ешкімге жақтасқан жоқ. Бекзат жеңісті жұлып алды. Көзіндеоты бар, өзін ұстай біледі. Жасы 20-да. Өзінжігіт секілді ұстады. Сидней олимпиадасы Қазақ елі үшін кереметбасталмаса да, тамаша аяқталды. Ойындардың соңғы күнінде төрт бірдей боксшымызфиналда өнер көрсетті. Жалғыз ұпай жетпей қалып, әлем чемпионы Болат Жұмәділовтағы да күміс медаль алды. Мұхтарханның финалда өнер көрсетуінің өзі ерлік.Куба серкесі Рубалкабаның алдын орау – аңызға бергісіз әңгіме. Ал Бекзат пенЕрмахан алтын медаль иегерлері. Былайша айтқанда, олимпиада чемпионы! Қуанышты сәттібастан кешірдік. Айқайласақ үніміз мұхиттың арғы бетіндегі Австралияға да жететіндей. Жетіпті! Естілдіүніміз. Трансляция сатып алдық қой. Байланыс та бар.

      Финал аяқталған соң, бас бапкер ТұрсынЕділовпен телефон арқылы тілдесудің сәті түсті. Сөйлестік. Құттықтадық. Біздіңдаусымызды таныды ма екен, Ермахан бапкерінен телефон тұтқасын сұрады. Қос чемпионныңбірін құттықтауға біз де құлшынып тұрдық. Ақ жарма тілекті айтып жатырмыз. Сосын Ермахан: «Рақмет, бірөтініш бар еді. Бекзат, бері келші, мә, өзің айтып түсіндірші», – деді. Міне,қызық! Желінің ар жағында екінші чемпион! Айналып-толғанып жатырмыз. Үнсіз тыңдады.Сосын өзі сөйледі: «Рақмет, аға! Мені мақтап жатыр екенсіз, оған да рақмет!Енді бір өтінішім бар. Биыл Түркістанның 1500 жылдығы, жеңісті сол мерейтойғаарнадым. Еліме жеткізсеңіз!» «Бекзат, айналайын, екі бірдей чемпионның тілегін біз қалайжерге тастаймыз, бұйырса солай жеткіземіз елге». Табан астында өзге бірдеңеайту қисынсыз еді. Анығында, тікелей эфир өтіп кетіп еді. Ол кезқазіргідей техникасы дамып кеткен заман емес. Өзіміз «мастер» дейтін кассета қазір«аппаратный» атанған анау бөлмеде. Бөгде жанды олай қарай аттап бастырмайды.Содан ағып отырып «аппаратныйға» келдік. Кассета керек екенін айттық. Мыңрұқсат қағаз сұралады. Эфирдің таяу тұрғанын айтып, ештеңеге тиіспейтініміздітүсіндіріп, кассетаға қол жеткіздік. Монтаж жасайтын бөлменің бірінен мықтыдыбыс режиссерін кездестіріп, ойға алған жоспарымызды айттық. Ол талып қала жаздады. «Мүмкін емес,бүлдіресің». Сөз таптық. Қолқаны өткіздік. Сөйтіп, бірер сөйлем жамап, кассетаныөткіздік. Ол табан астында ағысы қатты өзен әкетіп бара жатқан шөптің сабағынатоқтатпастан бірдеңе жалғап жіберу секілді қиын жұмыс еді, негізі.   

     Күзде елордадакездестік. Әлдебір жарысқа қонақ ретінде шақырылды. «Дайындық қалай?» – дейміздарынды ініге әрі олимпиада чемпионына. «Аға, бұйырса, жаңа жылдан кейін тек қана дайындық», – деп едіБекзат.  Сидней олимпиадасын 31 қаңтардажәне бір қорытындылап материал ұсындық та, үйге тым кеш қайттық.

        Таң ата телефон қоңырауы естілді. Құлықсыз телефонтұтқасын құлаққа апардық. Әріптесім Зейін Әліпбек екен.

–       Әбеке, жұмысқа келесіз бе?

–       Жұмысың не, Зейінжан, кеше жай қайттық,енді түске дейін демаламыз.

–       Келмесеңіз болмайын деп тұр.

–       Не, дүние бүлінді ме, жоқ...

–       Иә…

–       Недейсің, Зейінжан?

–       ЕндіБекзат жоқ...

    Телефонды кім қойғаны белгісіз. Түрімбұзылған-ау, шамасы. Әйелім жайшылық па деп жатыр. Ештеңе демедім. Жұмысқа кележатырмын. Сәтбаев көшесі мен Гагариннің қиылысында бір машина жанай кептоқтады. Бергі жағында композитор Қалдыбек отыр. «Маған туыс болғанымен, сағанжақын ғой, көңіл айтамын. Біз елге жиналдық». Бас изестік.Жұмысқа келген бетте архивке түсіп, финал жазылған кассетаны алдық. Алдық та, магнитофонға салып мұқиятқарадық. Жеңіс тұғырында әнұран тыңдаған Бекзат естеріңізде ме? Көзінде мұңтұныпты ғой. Қуаныштың ізі де жоқ. Неге ғана байқамадық? Жиырма жасында олимпиада чемпионыатанған бозбала шаттық құшағында болмаушы ма еді?

     Бізол туралы көп білмейміз. Өйткені тым жас кетті. Уақыт ағыл-тегіләңгіме шертуге де үлгертпеді. Қазір ойлап отырсам, жиырма жастағы жігіттіңкомментаторға өтініш айтуға ақылы қалай жеткен? Сол кезде ол есейіп кеткен екенғой. Бекзатым-ай...

 Амангелді  СЕЙІТХАН

 


 

 

 

 

 

 

 

 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

13.05.2020, 11:46
Қайрат Тұрлыханов өмірден озды
11.05.2020, 18:13
Илья Ильин спорттық карьерасын аяқтады
26.04.2020, 14:43
Илья Илин қайырымдылық акциясына үлес қосты
25.04.2020, 14:01
Футболшылар маскамен ойнайды
24.04.2020, 13:11
Не қымбат: футбол ма, адам ба?
21.04.2020, 16:23
Жақсының жалғасы едіңіз аға

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39